Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2026 жылғы 1 қыркүйектегі облыс халқының саны 590,7 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғындары – 373,8 мың адам (63,3%), ауыл тұрғындары – 216,9 мың адам (36,7%).

Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар-тамызда 1347 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1897 адам).

2026 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 4914 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға 9,3% азайды), қайтыс болғандар саны 3567 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға сәйкес 1,2% көбейді).

2026 жылдың қаңтар-тамызында көші-қонның айырмасы теріс қалыптасты және – -6365 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда – -6729 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 21 адам (-42), ішкі көші қонда – -6386 адам (-6687 адам).

Еңбек нарығы және еңбекақы

2026 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 14,1 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,6% құрады.

2026 жылғы 1 қарашада жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 9,9 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,3% болып қалыптасты.

2026 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 422043 теңгені құрады, өсім 2025 жылғы II тоқсанға 10,6% құрады.

2026 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 101% болып қалыптасты.

Салалық статистика

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 2544279,4 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1,7% өсті.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өндіріс көлемі 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1,1% төмендеді, өңдеу өнеркәсібінде – 7% өсті, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда өндіріс көлемі – 19,5% өсті, сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 51,1% өсті.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 405688,0 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 104,5% құрады.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйегінде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 12711,5 млн.ткм құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылдың қаңтар- қыркүйегімен салыстырғанда 108,6% құрады.

Жолаушы айналымы 1007,5 млн.жкм.құрады, немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 100,7% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 240410 млн. теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 111,5% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 8,3% өсті. 173,1 мың шаршы метрді құрады. Пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы алаңы 6,1% (108,3 мың шаршы метр) көбейді, жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 15,9% (64,9 мың шаршы метр) өсті.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 417689,6 млн. теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 102,8% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 8789 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 2% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 8505 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 7425 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 7141 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 6564 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,9% артты.

Экономика

2026 жылғы қаңтар-маусымда жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1783465,5 млн. теңгені құрады. 2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 5,7% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 57,9%, қызметтер көрсету – 39,3% құрады.

Тұтыну баға индексі 2026 жылдың қыркүйегінде 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,5% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы – 3,6%, азық-түлік емес тауарлардың – 7,6%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы–6,5% өсті.

2025 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2026 жылдың қыркүйегінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 2,1% қымбаттады.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйегінде бөлшек сауда көлемі 524810,7 млн.теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7% көп.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйегінде көтерме сауда көлемі 328537,0 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,9% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2026 жылдың қаңтар-тамызындағы ЕАЭО елдерімен өзара сауда 776965,6 мың АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда 14,5% көбейді, оның ішінде экспорт – 193142,1 мың АҚШ долларын (12% кеміді), импорт – 583823,5 мың АҚШ долларын құрады (27,2% көбейді).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Хабарландыру
    04.03.2026

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер...

  • Хабарландыру
    06.10.2025

    ХАБАРЛАНДЫРУ

          Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) ауыл...

Динамикалық қатарлар
Барлығын көру