2026 жылғы 1 қыркүйекке Астана қаласындағы халық саны 1700385 адамды құрады.
2026 жылғы қаңтар-тамызда халықтың табиғи өсімі 13517 адамды құрады (өткен жылғы сәйкес кезеңде - 13597 адамды құраған). 2026 жылғы қаңтар-тамызда жаңа туған сәбилер саны 2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда - 0,3% көбейгені, өлгендер - 3,4% көбейгені тіркелді.
Көші-қонда жағымды айырым қалыптасып, 47692 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда - 59190 адам), соның ішінде сыртқы көші-қонда 730 адам (1037 адам), ішкі көші-қонда - 46962 адам (58153 адам).
2026 жылдың II тоқсанында жұмыссыздар саны 34053 адамды құрады.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,2% құрады.
2026 жылдың 1 сәуіріне жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 5534 адамды құрады.
2026 жылғы II тоқсанында қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 647920 теңгені құрады.
Нақты жалақы индексі 2026 жылдың II тоқсанында 2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 99% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 3097194,4 млн теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 11,6% көп.
Өңдеу өнеркәсібінде – 8,1% өсті, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 54,4%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 63,3% өсті.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 3106,1 млн теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 98,3% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекке жүк айналымының көлемі 32391,5 млн ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен), немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 104,5% құрады.
Жолаушылар айналымының көлемі 13570,2 млн жкм, немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 99,1% құрады.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 1182,5 млрд теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 111,1% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 3,4% көбейді, 3048,3 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 5,4% (2983,9 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 29,2% (64,4 мың шаршы метр) ұлғайды.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1879,4 млрд теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 105,2% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 106053 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 2% азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 105160 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 83538 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 82648 бірлік құрады. Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 92943 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,3% азайды.
2026 жылғы қаңтар-маусымдағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 8919589 млн теңгені құрады. 2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 5,6% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 18,6%, қызметтер көрсету – 71,4% құрады.
Тұтыну бағасының индексі 2026 жылғы қыркүйекте 2025 жылғы қыркүйекке 110,2% құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына 8,1%, азық-түлік емес тауарларға- 11,6%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтерге–11,5% өсті.
2026 жылдың қыркүйегінде 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 6,1% қымбаттады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 2850042,7 млн теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 105% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 5876745,1 млн теңгені құрады, 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 102% .
Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 4136,2 млн АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 26,2% көбейді, оның ішінде экспорт 529 млн АҚШ долларын (3,1% көбейді), импорт – 3607,2 млн АҚШ долларын құрады (30,4% көп).
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік...
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің 2026 жылдың 1 қыркүйектен бастап «Астана қаласында...