Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2026 жылғы 1 қыркүйекке облыс халқының саны 1210,1 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 587,8 мың адам (48,5%), ауыл тұрғындары – 622,3 мың адам (51,4%).

Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар-тамызда 8205 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 9606 адам).

2026 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 12978 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 10,8% азайды), қайтыс болғандар саны 4773 адамды құрап (2025 жылғы қаңтар-тамызбен 3,3% азайды).

Көші-қонның теріс айырмасы -13777 адаммен қалыптасып (2025 жылғы қаңтар-тамызда – -14268 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда теріс көші-қон айырмасы -32 адам (-234), ішкі көші-қонда теріс көші-қонның айырмасы – -13745 адам (-14034 адам).

Еңбек

2026 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 25092 адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8%.

2026 жылғы 1 қазанға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 19207 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,7% болып қалыптасты.

2026 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 375456 теңгені құрап, өсім 2025 жылғы II тоқсанға 5,7% құрады.

2026 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 95,7% болып қалыптасты.

Салалық статистика

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1103597,4 млн. теңгені құрап, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 18,1% өсті.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,2% өсіп, өңдеу өнеркәсібінде – 26,1% көбейді, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 7,8% артты, сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою бойынша қызметте – 5% азайды.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 466561,6 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 104,9% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 15679,9 млн. ткм құрады (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 101,2% құрады.

Жолаушы айналымы 1499,6 млн. жкм құрады немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 104,1% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 283704,4 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 104% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 1,6% өсіп, 530,5 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 34,4% (248,1 мың шаршы метр) өсіп, ал пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 15,3% (282,4 мың шаршы метр) азайды.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 721939,3 млн. теңге немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 137,1% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 14639 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес күнімен салыстырғанда 5,1% азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 14229 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 12410 бірлікті, оның ішінде шағын кәсіпорындар 12000 бірлік. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 11522 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес күнімен салыстырғанда 6,3% азайды.

Экономика

2026 жылғы қаңтар-маусымдағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1662953,8 млн. теңгені құрады. 2025 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 9,6% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 40,7%, қызметтер көрсету – 56,5% құрады.

Тұтыну бағалар индексі 2026 жылдың қыркүйегінде 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,4% құрады.

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер – 8,9%, азық-түлік емес тауарлары – 6,7%, азық-түлік тауарлардың бағасы – 5,2% өсті.

2025 жылғы желтоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың қыркүйегінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 14,3% қымбаттады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 472975,7 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3% көп.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 372354,3 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,1%.

Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 262,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2025 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 4% көбейді, оның ішінде экспорт – 112,1 млн. АҚШ долларын (1,7% азайды), импорт – 150,1 млн. АҚШ долларын құрады (8,7% көбейді).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру
    18.09.2026

    «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ, «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік...

  • Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру
    02.09.2026

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті Т.Рысқұлов  ауданына  халықтың жұмыспен қамтылуын...