Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2026 жылғы 1 қыркүйекте Жетісу облысы халқының саны 683 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар 315 мың адам (46%), ауылдықтар 368 мың адам (54%).

Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар-тамыз айында 3166 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3794 адам).

2026 жылғы қаңтар-тамыз айында туылғандар саны 5672 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар- тамыз айына сәйкес 9,6% азайды), қайтыс болғандар саны 3265 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар- тамыз айына сәйкес 2,4%-ға азайды).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - 8057 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар- тамыз айына - 8868 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда 390 адам (388 адам), ішкі көші қонда - 8447 адам (2025 жылғы қаңтар- тамыз айына -8868 адам).

Еңбек

2026 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 14138 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,6% құрады.

2026 жылғы 1 қыркүйекте жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 16809 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 5,5% болып қалыптасты.

2026 жылдың II тоқсанында қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 377798 теңгені құрады, өсім 2025 жылдың II тоқсанына 9,1% құрады.

Салалық статистика

2026 жылғы қаңтар- қыркүйегінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 363 587 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар- қыркүйегімен салыстырғанда 29,8% көп. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 44,8% ұлғайды, өңдеу өнеркәсібінде– 31,5% өсті, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 21,6% ұлғайды, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 2,6% азайды.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 362 389,4 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 102,7 % құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекке көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 10527,3 млн.ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылдың қаңтар-тамызбен салыстырғанда 112,1%.

Жолаушы айналымы 526,6 млн.жкм-ді құрады немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 112,6% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 192592,9 млн.теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 71,9%.

2026 жылғы қаңтар- қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 10,1 % өсіп, 274,6 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 41,1 % (45,1 мың шаршы метр) азайды. Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы –42,3 % (229,5 мың шаршы метр) ұлғайды.

2026 жылғы қаңтар- қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 270743,3 млн. теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар- қыркүйекпен салыстырғанда 73,2% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 8717 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1,5% ұлғайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 8479 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 7032 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 6796 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 6746 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,1% ұлғайды.

Экономика

2026 жылғы қаңтар-маусымдағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1093958,8 млн. теңгені құрады. 2025 жылғы қаңтар- маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 7,9% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 29,6%, қызметтер көрсету – 62,1% құрады.

Тұтыну баға индексі 2026 жыл қыркүйекті 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 108,3% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы-8,2%, азық-түлік емес тауарлардың- 8,8%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы 7,9% өсті.

2026 жыл қыркүйекті 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 13,3%-өсті.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекке бөлшек сауда көлемі 274378,2 млн.теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға көбейді.

2026 жылғы қаңтарда-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 608009,1 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға көбейді.

Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызға ЕАЭО елдерімен өзара сауда 88 011 мың АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 4,6% көбейді, оның ішінде экспорт-37 020,4 мың АҚШ долларын құрады, (13,9% азайды), импорт-50 990,6 мың АҚШ долларын құрады (24,1% көбейді).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің интервьюерлердің бос орындарына хабарландыру
    24.09.2026

    Т -001  «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы  » нысаны бойынша Статистикалық бақылау ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша интервьюерлердің бос орындары

    Кезеңділігі:...

  • Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің интервьюерлердің бос орындарына хабарландыру
    23.09.2026

    УДН  «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» нысаны бойынша Статистикалық бақылау ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша интервьюерлердің бос орындары

    ...