2026 жылғы 1 қыркүйекке облыс халқының саны 795,8 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 461,4 мың адам (58%), ауылдықтар – 333,7 мың адам (42%).
Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар – тамызда 1073 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1388 адам).
2026 жылғы қаңтар - тамызда туылғандар саны 5621 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар – тамызға сәйкес 4,2% азайды), қайтыс болғандар саны 4548 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар - тамызға сәйкес 1,5% көбейді).
Көші-қонның айырмасы оң болып қалыптасты және 4394 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар – тамызда - -496 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – көші-қон айырмасы теріс болып 34 адам құрады(12 адам), ішкі көші қонда көші-қонның айырмасы оң болып қалыптасты және 4428 адам құрады (-508 адам).
2026 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 18,6 мың адамды құрады.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,4% құрады.
2026 жылдың 1 қазанға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 7591 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 1,8% болып қалыптасты.
2026 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 406085 теңгені құрады, өсім 2025 жылғы II тоқсанға 10,7% құрады.
2026 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 98,4% болып қалыптасты.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1901869,8 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 4,6% төмен.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,7%-ға өсті, өңдеу өнеркәсібінде 10,2%-ға азайды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 32,9% және сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою бойынша қызметте – 7,4% өсуі байқалды.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 874239,1 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке салыстырғанда 107,3% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 16354,4 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің орындаған жұмыс көлемі есебімен), немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 102,8% құрады.
Жолаушы айналымы 617,1 млн. жкм-ді құрады, немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 116,6% құрады.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 273230,9 млн. теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 100,2% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 11,8% төмендеп, 378,5 мың шаршы метрді құрады. Оның ішінде, көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы алаңы 23,2% (165 мың шаршы метр) төмен, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 4,1% (213,2 мың шаршы метр) көбейді.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 633129,1 млн. теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 104,6% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 14928 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,1% азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 14569 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 13171 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 12815 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 11700 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,8% азайды.
2026 жылғы қаңтар-маусымда деректері бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 2 191 261,8 млн.теңгені құрады. 2025 жылдың 1 қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 101,0% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 48,9%, қызметтер көрсету – 45,7% құрады.
Тұтыну бағасының индексі 2026 жылғы қыркүйек 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,9% құрады, соның ішінде азық-түлік тауарларға бағалар – 106%, азық-түлік емес тауарларға – 108,9%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 108,8%. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2026 жылғы қыркүйек 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,4% артты.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 427695,0 млн.теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға көп.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 946186,4 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,5% құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 394,5млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 76,6 млн. АҚШ доллар, импорт 317,9 млн. АҚШ доллар.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың ережелеріне қатысты мемлекеттік қызметшілер және...
Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап «Кітап оқитын...