Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2026 жылғы 1 қыркүйекке Түркістан облысы халқының саны 2142,7 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 545,5 мың адам (25,5%), ауыл тұрғындары – 1597,2 мың адам (74,5%).

Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар-тамызда 21406 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 24861 адам).

2026 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 28226 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға сәйкес 10,8% кеміді), қайтыс болғандар саны 6820 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамыздан 0,6% артты).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және 27902 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда – 31145 адам теріс айырмасы), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 134 адам оң көші-қон айырмасы (259 адам), ішкі көші-қонда теріс көші-қонның айырмасы – 28025 адам (31404 адам теріс айырмасы).

Еңбек

2026 жылғы ІІ тоқсанда жұмыссыздар саны 40 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,6% құрады.

2026 жылғы 1 қазанға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 35186 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 4% болып қалыптасты.

2026 жылғы ІІ тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 370964 теңгені құрады, өсім 2025 жылғы ІІ тоқсанға 5,5% құрады.

2026 жылғы ІІ тоқсанда нақты жалақы индексі 94,9% болып қалыптасты.

Салалық статистика

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1324696,6 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 25,2% артты.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 16,9%, өңдеу өнеркәсібінде – 36,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 20,9%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 21% өсті.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 1034268 млн.теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 106,9% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының көлемі 11108,1 млн.ткм-ді құрады, немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегіне 102% құрады.

Жолаушы айналымы 1138,6 млн. жкм-ді құрады, немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйекке 94,1% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 516900,1 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 117% құрады.    

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 7,9% артып, 921,8 мың шаршы метрді құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1327528,5 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 120,1% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 20265 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 3,1% өсті, оның ішінде 250 адамнан жоғары қызметкерлері барлар 102 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 19290 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 18621 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 16450 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,4% өсті.

Экономика

2026 жылғы қаңтар-маусымдағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 2353,7 млрд. теңгені құрады. 2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 13,3% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 38,5%, қызметтер көрсету – 55,6% құрады.

Тұтыну баға индексі 2026 жылдың қыркүйегінде 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,5% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағалары 5,6%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 7,4 өсті, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағалары – 11,9% қымбаттады.

2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың қыркүйегінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 1,2% өсті.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 414234,7 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6% артық.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 424936,5 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 138,5% құрады.

Алдын ала деректер бойынша, 2026 жылғы қаңтар–тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 886 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар–тамызбен салыстырғанда 11%-ға төмен. Оның ішінде экспорт көлемі 687,6 млн АҚШ долларын құрап, 9%-ға төмендеді, ал импорт көлемі 198,4 млн АҚШ долларын құрап, 17,4%-ға азайды.

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Түркістан облысы бойынша Т001 - Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасын жүргізетін сұхбатшылар тізімі
    11.09.2026

    Түркістан облысы бойынша Т001 - Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасын жүргізетін сұхбатшылар тізімі

  • Түркістан облысы статистика департаменті Тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасындағы 2026 жылғы қыркүйек айындағы аудандар кесіндісіндегі сұхбатшылардың тізімі
    11.09.2026

    Түркістан облысы статистика департаменті

    Тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасындағы 2026 жылғы қыркүйек айындағы аудандар кесіндісіндегі сұхбатшылардың тізімі