2026 жылғы 1 қыркүйекке Солтүстік Қазақстан облысындағы халық саны 510,8 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 258,1 мың адам (50,5%), ауылдықтар – 252,7 мың адам (49,5%).
Халықтың табиғи кемуі 2026 жылғы қаңтар-тамызда– -1102 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – -824 адам). 2026 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 2823 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда қарағанда 9,2% азайды), қайтқандар саны - 3925 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда қарағанда 0,2% азайды).
Көші-қонның теріс айырмасы қалыптасып, -2274 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда – -4697 адам), соның ішінде сыртқы көші-қонда– -93 (-145), ішкі көші қонда – -2181 адам (-4552 адам).
2026 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 11,1 мың адамды құрады.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің санына 4,2% құрады.
2026 жылғы 1 қазанға Мансап орталықтарында жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар саны 5237 адамды құрады, немесе жұмыс күшінің санына 2% болып қалыптасты.
2026 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарсыз) орташа айлық атаулы жалақы 363123 теңгені құрады, 2025 жылғы II тоқсанға өсім 9,5% құрады.
2026 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 96,6% болып қалыптасты.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 718892 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке салыстырғанда 15% жоғары. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 14,7%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 24,5%, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 10,6% өсті. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 10,8% төмендеді.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекке ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылу көлемі 697137,1 млн. теңгені, немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекге 110,6% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының көлемі 6701 млн. ткм құрады (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 98,4%.
Жолаушы айналымы 412,1 млн. жкм құрады, немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 112,3%.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 189586,8 млн. теңгені, немесе 2025 жылғы қаңтар- қыркүйекте 98% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2,9% өсті, 173,3 мың шаршы метрді құрады, одан көппәтерлі тұрғын үйлердің – 21,4%-ға (88,1 мың шаршы метр). Пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы ауданы 11,5%-ға төмен (84,7 мың шаршы метр).
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 392325,2 млн. теңгені, немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 102,9% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдайға 10932 бірлікті құрап, арғы жылғы сәйкес күндегімен салыстырғанда 3,2% азайды, соның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 10664 бірлік. Жұмысістеп тұрған заңды тұлғалардың саны 9135 бірлікті құрады, оның ішінде 8867 бірлік – шағын кәсіпорындар. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының(заңды тұлғалар) саны 8065 бірлікті құрап, өткенжылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,6% азайды.
2026 жылғы қаңтар-маусымдағы жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағамен 1265297,4 млн. теңгені құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 11,4% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі – 41,5%, қызмет көрсету – 52,5% құрады.
Тұтыну баға индексі 2026 жылғы қыркүйекте 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,4% құрады.Азық-түлік тауарларының бағасы – 5,2%, азық-түлік емес тауарлардың –9,3%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы 7,9% өсті.
2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2026 жылғы қыркүйекте өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 5,2% өсті.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 369499 млн. теңгені құрады, немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1% көбейді.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 670159,7 млн. теңгені, немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 125,7% құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 481,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 30% өсті, оның ішінде экспорт – 56,4 млн. АҚШ долларын (23,5% артық), импорт – 425,3 млн. АҚШ долларын (30,9% артық) құрады.
«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ 2026 жылғы қазандағы 2-сауда «Тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы» статистикалық нысанын...
«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ 2026 жылғы 3 тоқсандағы 1-Т (тоқсандық) «Еңбек бойынша есеп» статистикалық нысанын тапсыру...