2026 жылғы 1 қыркүйекке қала халқының саны 1316,9 мың адамды құрады.
Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар-тамызға 13556 адамды құрады (өткен жылғы сәйкес кезеңде 14610 адам).
2026 жылғы қаңтар-тамызға туылғандар саны 16960 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға сәйкес 5,9% азайды), қайтыс болғандар саны 3404 адамды құрады (өткен жылғы сәйкес кезеңде 3406 адам).
Оң көші-қонның айырмасы қалыптасты және 9282 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға 13355 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 117 адам оң көші-қон айырмасы (195), ішкі көші-қонда оң көші-қонның айырмасы – 9165 адам (13160).
2026 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 22,4 мың адамды құрады.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,6% құрады.
2026 жылғы 1 қазанға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 11648 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,4% болып қалыптасты.
2026 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 377710 теңгені құрады, өсім 2025 жылғы II тоқсанға 9,4% құрады. 2026 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 99,4% болып қалыптасты.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1280528,7 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 12,9% артты.
Сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте өндіріс– 11,2% өсті, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 18,2% өсті.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 12,5% артты, тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 47% артты.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 46419,8 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 104,1% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 15696,2 млн. тонна-шақырымды (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 101,4% құрады.
Жолаушылар айналымының көлемі 5710,7 млн. жолаушы-шақырымды немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 121,6% құрады.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 247623,4 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 125,4% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 7,2% өсіп, 853,2 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер 26,7% өсті (698,5 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 62,3% (152,4 мың шаршы метр), жатақхана – 2,3 мың шаршы метр құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 580716,4 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 107,4% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 29477 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1,5% кеміді, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 28993 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 25204 бірлікті, оның ішінде шағын кәсіпорындар 24725 бірлікті құрады.
Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 27176 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,3% кеміді.
2026 жылғы қаңтар-маусымға жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 2884407,3 млн. теңгені құрады. 2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 10,6% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 27%, қызметтер көрсету – 65,4% құрады.
Тұтыну баға индексі 2026 жылғы қыркүйекті 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107% құрады.
Азық-түлік тауарларының бағасы – 5,6%, азық-түлік емес тауарлар – 7,5%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы –9,1% өсті.
2026 жылғы қыркүйекті 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 5,7% өсті.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 1047103 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,2% көп.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 2566416 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 131,6% құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 340,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 10,8% азайды, оның ішінде экспорт – 78,2 млн. АҚШ долларын (21,8% азайды), импорт – 261,9 млн. АҚШ долларын құрады (6,9% азайды).
2026 жылғы Шымкент қаласы бойынша үй шаруашылықтарымен байланыста болатын интервьюерлердің тізімі
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне...