Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2026 жылдың 1 қыркүйегінде Алматы облысы халқының саны 1615,6 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 313,1 мың адам (19,4%), ауыл тұрғындары – 1302,5 мың адам (80,6%).

Халықтың табиғи өсімі 2026 жылдың қаңтар-тамызында 10907 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 12707 адам).

2026 жылдың қаңтар-тамызында туылғандар саны 17359 адамды құрады (2025 жылдың қаңтар-тамызыннан 8,3% аз), қайтыс болғандар саны 6452 адамды құрады (2025 жылдың қаңтар-тамызынан 3,8% көп).

Көші-қонның оң айырмасы қалыптасты және ол 8192 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызында – 10647 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда оң айырмасы 1294 адамды құрады (2025 жылдың қаңтар-тамызында – 4176 адам), ішкі көші-қонда оң айырмасы 6898 адамды құрады (2025 жылдың қаңтар-тамызында – 6471 адам).

Еңбек

2026 жылдың II тоқсанында жұмыссыздар саны 36,2 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,5% құрады.

2026 жылдың қыркүйек айының соңына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 29425 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,7% болып қалыптасты.

2026 жылдың II тоқсанында қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 401457 теңгені құрады, өсім 2025 жылғы II тоқсанға 3,1% құрады.

2026 жылдың II тоқсанында нақты жалақы индексі 93% болып қалыптасты.

2026 жылдың II тоқсанында облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 197279 теңгені құрады, 2025 жылдың II тоқсанына қарағанда 12,3% жоғары, көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны 1,3% құрады.

Салалық статистика

2026 жылдың қаңтар-қыркүйегінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 2206782,7 млн.теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 13,6% артты.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 14,4%, өңдеу өнеркәсібінде 14,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау 11,9%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 26,5% артты.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 630545,4 млн. теңге немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 103,5% құрады.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйегінде көліктің жүк айналымы 6529,9 млн. ткм. (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен) немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 98,3% құрады.

Жолаушы айналымы – 2045,7 млн. жкм. немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 117% құрады.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйегінде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 364891,1 млн.теңге немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 11% өсті.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйегінде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 16% ұлғайып, 1045,6 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер 55,6% (430,6 мың шаршы метр) көбейді. Пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 1,8% (613,8 мың шаршы метр) кеміді.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйегінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 901623 млн. теңге немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 11,8% өсті.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 22928 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 4,1% өсті, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 22422 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 18439 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 17937 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 19747 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,9% өсті.

Экономика

2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағамен 3276555,7 млн.теңгені құрады. 2025 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 9,7% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 40,3%, ал қызметтер көрсету 47,2% құрады.

Тұтыну баға индексі 2026 жылдың қыркүйегінде 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 108,1% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 4,2%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 8,1%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы 15,4% өсті.

2026 жылдың қыркүйегін 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 4% қымбаттады.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйегінде бөлшек сауда көлемі 710956,8 млн.теңгені немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,2% құрады.

2026 жылдың қаңтар-қыркүйегінде көтерме сауда көлемі 1172348,3 млн.теңгені немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,4% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 906,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда 2,6% артты, оның ішінде экспорт 412,8 млн. АҚШ долларын (15% артты), импорт 493,9 млн. АҚШ долларын құрады (5,8% кеміді).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Жұмыскерлерді қабылдау туралы хабарландыру
    22.04.2025

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы ​​облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық және...

  • Құрметті Алматы облысы тұрғындары!
    19.08.2024

    Құрметті Алматы облысы тұрғындары!

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) ...