2026 жылғы 1 қыркүйекке облыс халқының саны 844,5 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғындары – 399,7 мың адам (47%), ауыл тұрғындары – 444,8 мың адам (53%).
Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар-тамызда 6414 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 8062 адам).
2026 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 9601 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 13,9% азайды), қайтыс болғандар саны 3187 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 3,0% көбейді).
Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және - -8200 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда – -8098 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда оң көші-қон айырмасы 19 адам (27), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -8219 (-8125) адам.
2026 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 16,1 мың адамды құрады.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,5% құрады.
2026 жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 15357 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 4,3% болып қалыптасты.
2026 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 418672 теңгені құрады, өсім 2025 жылғы II тоқсанға 6,0% құрады.
2026 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 95,6% болып қалыптасты.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 869 576 млн. теңгені құрап, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 107,2% құрады.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,8% кемісе, өңдеу өнеркәсібінде 12,4%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 2,1 есе, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 17,3% өсті.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекке ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 176 639,0 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке салыстырғанда 102,0% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекке көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 20287,9 млн. ткм құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 109,4% құрады.
Жолаушы айналымы 1958,7 млн. жкм, немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 95,2% құрады.
2026 жылғы қаңтар- қыркүйекте орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 289 689,8 млн. теңгені, немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 131,5% құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өткен жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1 % өсіп, 684,7 мың шаршы метрді құрады, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы алаңы 22,5% (62,7 мың шаршы метр) азайып, ал жеке тұрғын үйлердің – 4,9% (622,0 мың шаршы метр) ұлғайды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2026 жылғы қаңтар- қыркүйекте 581 044 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 102,3% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 11609 бірлік, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 11248 бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда заңды тұлғалар бойынша 0,2% азайғандығы байқалады. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 10514 бірлік, оның ішінде шағын кәсіпорындар 10153 бірлікті құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 9063 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,3% көбейді.
2026 жылғы I жартыжылдықта жалпы өңірлік өнімнің көлемі ағымдағы бағамен 1497,6 млрд. теңгені құрады. 2025 жылғы I жартыжылдықпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 4,0% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 42,9%, қызметтер үлесі –52,2% болды.
Тұтыну бағасының индексі 2026 жылғы қыркүйекте 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,8% құрады.
Азық-түлік тауарларының бағасы 5,9%, азық-түлік емес тауарлары – 7%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы –7,7% өсті.
2026 жылғы қыркүйекте 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 14,7% жоғарылады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 466431,2 млн.теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7% көбейді.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 295162,9 млн. теңгені құрап немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,0% көбейді.
Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызға ЕАЭО елдерімен өзара сауда 174,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда 38,0% көбейді, оның ішінде экспорт 144,0 млн. АҚШ долларын (69,3% көбейді ), импорт 30,2 млн. АҚШ долларын көрсетті (26,7% аз).
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ «Халықтың құқық қорғау органдарына ...
2026 жылғы 1 қазаннан 15 қарашаға дейінгі кезеңде интервьюерлер Сіздің үйіңізге бару арқылы сауалнама әдісімен жүргізілетін «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі»...