Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2026 жылғы 1 қыркүйекке облыс халқының саны 1130,1 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 935,9 мың адам (82,8%), 194,2 мың адам (17,2%) ауыл тұрғындары.

2026 жылғы қаңтар-тамызда халықтың табиғи өсімі 1246 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 2212 адам).

2026 жылғы қаңтар-тамызда дүниеге келгендер саны 8372 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 8,8%-ға аз), қайтыс болғандар саны 7126 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 2,3%-ға көп).

Көші-қонның теріс сальдосы қалыптасты және -2476 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда – -3983 адам), оның ішінде ішкі көші-қонда – -2347 адам (-3609), сыртқы көші-қонда – -129 адам (-374).

Еңбек

2026 жылдың II тоқсанында жұмыссыздар саны 21,5 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4% құрады.

2026 жылғы 1 шілдеге жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 24361 адамды немесе жұмыс күшінің санына 2,7% құрады.

2026 жалдың II тоқсанында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда) 470390 теңгені құрады, бұл 2025 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда 8,8%-ға өсуді құрады.

2026 жалдың II тоқсанында нақты жалақы интексі 105%–ды құрады.

Салалық статистика

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 4200949,7 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар- қыркүйекке қарағанда 4,9% көп. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу өндірісінің көлемі 1,1%, өңдеу өнеркәсібінде – 6,4%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 2,8%-ға өсті. Сумен жабдықтау, су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте көлемі – 13,3%-ға азайды.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының көлемі 381326,9 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 100,9% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының көлемі 27882,6 млн. ткм-ді (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің орындаған жұмыс көлемі есебімен) немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 100,9%-ды құрады.

Жолаушылар айналымының көлемі 2655,9 млн. жкм-ді немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 111,6%-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 411118 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 84% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 28,2%-ға азайды және 291,6 мың шаршы метрді құрады, олардың ішінде көппәтерлі тұрғын үйлер – 31,3%-ға (239,4 мың шаршы метр), жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 10,6%-ға (51,3 мың шаршы метр) азайды.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 808982,9 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 95,4% құрады.

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 27983 бірлікті құрады және өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 2,9% кеміді, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 27435 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 22682 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 22141 бірлікті құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының (заңды тұлғалардың) саны 24368 бірлікті құрады және 2025 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда 2,4% кеміді.

Экономика

2026 жылғы қаңтар-маусымда жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 4340263 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 2,1%-ға өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 48,7%, қызметтер көрсету – 47,6%-ды құрады.

2026 жылғы қыркүйекте тұтыну бағаларының индексі 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,8% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 4,1%, азық-түлік емес тауарлар – 7,8%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 5,9% өсті.

2026 жылғы қыркүйекте өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 2025 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 4,9% өсті.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 1396399,6 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылғы тиісті кезеңнен 0,1%-ға артық.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 2235266,2 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылғы тиісті кезеңнен 0,1%-ға артық.

Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 1964,3 млн. АҚШ долларын құрады және 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 3,1%-ға өсті, оның ішінде экспорт – 1037,7 млн. АҚШ долларын (6,7%-ға аз), импорт –  926,6 млн. АҚШ долларын (16,8%-ға көп) құрады.

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    19.10.2026

    «ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ 2026 жылғы қаңтар - қыркүйектегі «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» 1-СР жылына бір рет статистикалық...

  • Сұхбат берушілерді жалдау туралы хабарландыру
    02.10.2026

    Статистикалық байқаулар бойынша үй шаруашылықтарын тексеру үшін өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлерді қабылдау жарияланады: 

    1.     Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп...

Динамикалық қатарлар
Барлығын көру