2026 жылдың 1 қыркүйекке облыс халқының саны 694,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар -403 мың адам (58%), ауылдықтар - 291,2 мың адам (42%).
Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар-тамызға 2207 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3029 адам).
2026 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 5880 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 10,6% азайды), қайтыс болғандар саны 3673 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға сәйкес 3,5% өсті).
Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және – -3594 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда --3243 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 2 адам оң көші-қон айырмасы (-35), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -3596 (-3208 адам).
2026 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 16502 адамды құрады.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,6% құрады.
2026 жылғы 1 қазанға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны
18378 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 5,2% болып қалыптасты.
2026 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 402028 теңгені құрады, өсім 2025 жылғы II тоқсанға 6,1% құрады.
2026 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 96,2% болып қалыптасты.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекке өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 2684975,7 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 13,1% кем.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 15,1% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде 0,4%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда - 1,4%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеу және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте өндіріс көлемі 5,6% өсті.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 281735 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 105,4% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 8354 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 100,3% құрады.
2026 жылғы қаңтар-тамызда жолаушы айналымы 3368,1млн. жкм-ді құрады, немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 110,9% құрады.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 264684,7 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 107% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 3,5% өсті,
442,9 мың шаршы метрді құрады, олардан жеке тұрғын үйлер 3,8% өсті (198,2 мың шаршы метр), көп пәтерлі тұрғын үйлер 3,9% өсті (244,8 мың шаршы метр).
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 539511 млн. теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 103,2% құрады.
2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 12703 бірлікті құрады және өткен жылдың тиісті күнімен салыстырғанда 1,1% артты, оның ішінде 100 адамнан кем жұмыскерлер саны бар 12357 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 10315 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 9969 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 10131 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,9% артты.
2026 жылғы қаңтар-маусымдағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 2502004,9 млн. теңгені құрады. 2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 3,3% азайды. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 60,1%, қызметтер көрсету - 37,3% құрады.
Тұтыну баға индексі 2026 жылғы қыркүйекте 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,6% құрады.
Азық-түлік тауарларының бағасы - 6,4%, азық-түлік емес тауарлардың - 9,5%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы 7,4% өсті.
2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2026 жылғы қыркүйекте өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 4,8% өсті.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 491983,2 млн.теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1% көп.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 499194,5 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100% құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 395,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 30,9% азайды, оның ішінде экспорт - 80,9 млн. АҚШ долларын (20,9% кем), импорт - 314,8 млн. АҚШ долларын құрады (33% кем).
«ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ ...
«ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ ...