ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау зерттеуін (А-005) сауалнамасын жүргізу үшін сұхбат алушыларды қабылдауды жүргізеді. Зерттеуді жүргізу әдістемесі Ұлттық статистика бюросының сайтында орналасқан (www.stat. gov.kz/Әдіснама/Ауыл, орман және балық шаруашылығы/ 2022 жылғы 15 шілдедегі №10 әдістемесі).
Сұхбат алушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, сауалдар жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.
Департамент сұхбат алушылармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ақылы қызмет көрсетуге келісім-шартқа отырады.
Сұхбат алушылардың жұмыс мерзімі ағымдағы жылдың қазан айында ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау мерзіміне, зерттеуге жататын шаруашылықтардың санына байланысты жүргізіледі.
ҰСБ Абай облысы бойынша Департаменті,
071400, Семей қаласы, Мәнгілік ел көшесі, 25
тел. 52-54-95, код 8-72-22
кадрлық қызмет сұрақтары бойынша - т. 52-54-95
әдістеме сұрақтары бойынша – т. 52-47-05
06.10.2025 жыл