Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2026 жылғы 1 қыркүйекке Қостанай облысы халық саны 818,4 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 525,6 мың адам (64,2%), ауыл тұрғындары – 292,8 мың адам (35,8%).

Халықтың табиғи кему 2026 жылғы қаңтар-тамызда 525 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңде халықтың табиғи өсімі – 164 адам).

2026 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 4985 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда сәйкес 8,1% азайды), қайтыс болғандар саны 5510 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда сәйкес 4,7% көп).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және 2490 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда – -3022 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 54 адам (180 адам), ішкі көші-қонда – -2544 адам (-3202 адам).

Еңбек

2026 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 20442 адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,5% құрады.

2026 жылдың 1 қазанға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 10889 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,4% болып қалыптасты.

2026 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 412546 теңгені құрады, өсім 2025 жылғы II тоқсанға 8,2% құрады.

2026 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 97,9% болып қалыптасты.

Салалық статистика

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекке өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 2377093 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен қарағанда 2,5% артық.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өңдіріс көлемі 8% төмендеді, сумен жабдықтауда; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте – 6,7%. Өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндірісінің 6,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауамен кондиционерленген жабдықтауда – 6,3% өсті.

2026 жылғы жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының көлемі 596669,4 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 111,4% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 19642,2 млн. т-км-ді құрады (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйекке салыстырғанда 102,2% құрады.

Жолаушы айналымы 1392,7 млн. ж-км-ді құрады, немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйекке салыстырғанда 165,7% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 292487 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке салыстырғанда 105% құрады.               

2026 жылғы қаңтар-қыркүйектегі пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 0,9% өсіп, 394,5 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 4,1% (331,4 мың шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 18% (59,5 мың шаршы метр) азайды.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 480406,3 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке салыстырғанда 100,8% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 14743 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,02%-ға азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 14364 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 12756 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 12377 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 11395 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,3%-ға азайды.

Экономика

2026 жылғы қаңтар-маусымдағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 2307385,6 млн. теңгені құрады. 2025 жылғы тиісті кезенмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 105,1% құрды. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 43,6%, қызметтер көрсету – 52,9% құрады.

Тұтыну баға индексі 2026 жылдың қыркүйекте 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 5,9%, азық-түлік емес тауарлардың – 7,8%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 7,7% өсті.

2025 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2026 жылдың қыркүйекте өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 0,1% төмендеді.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйектегі бөлшек сауда көлемі 627223,2 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға көп.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көтерме сауда көлемі 1045541,8 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,8% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамыздағы ЕАЭО елдерімен өзара сауда 1002,8 млн. АҚШ долларын құрады, 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 8% артты, оның ішінде экспорт – 386,7 млн. АҚШ долларын (24% артты), импорт – 616,1 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100% құрады.

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Интернет-ресурсінде интервьюерлердің бос орындарын жариялау үшін хабарландыру
    19.10.2026

    Статистикалық байқау бойынша ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша  интервьюерлердің  бос  орындары  «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» Т-001 ...

  • Интернет-ресурсінде интервьюерлердің бос орындарын жариялау үшін хабарландыру
    19.10.2026

    Халықтың өмір сүру деңгейінің статистикасы бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі статистикалық байқаудың бастапқы статистикалық деректерін жинау бойынша өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша интервьюерлердің...