Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Абай облысы
Хабарландырулар
04.03.2026
Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру   (А-008) сауалнамасын жүргізу үшін сұхбат алушыларды қабылдауды жүргізеді. Зерттеуді жүргізу әдістемесі Ұлттық статистика бюросының сайтында орналасқан (www.stat. gov.kz/Әдіснама/Ауыл, орман және балық шаруашылығы/ 2016 жылғы 02 желтоқсандағы № 298 әдістемесі (Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 15 шілдедегі № 10 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен)). 

Сұхбат алушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, сауалдар жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.

 Департамент сұхбат алушылармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ақылы қызмет көрсетуге келісім-шартқа отырады. 

Ағымдағы жылы интервьюерлердің жұмыс кезеңі: 11-25 маусым, 11-25 қыркүйек, 11-25 желтоқсан аралығы.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының  Абай облысы бойынша Департаменті, 

071400, Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 25

тел. 52-54-95, код 8-72-22

кадрлық қызмет сұрақтары бойынша байланыс телефоны 36-01-48

әдістеме сұрақтары бойынша байланыс телефоны 52-47-05