Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2026 жылғы 1 қыркүйекке облыс халқының саны 742,1 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 531,9 мың адам (71,7%), ауылдықтар – 210,2 мың адам (28,3%).

Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар-тамызда 287 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 1072 адам). 2026 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 5130 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызбен сәйкес 8,9% азайды), қайтыс болғандар саны 4843 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызбен сәйкес 6,2% көбейді).

Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және – -3444 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда– -5026 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 176 адам оң көші-қон айырмасы (305), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -3620 (-5331 адам).

Еңбек

2026 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 19,4 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады.

2026 жылдың 1 қазанға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 14147 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,5% болып қалыптасты.

2026 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 450583 теңгені құрады, 2025 жылғы II тоқсанға өсімі 9,4% құрады.

2026 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 98,6% болып қалыптасты.

Салалық статистика

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 3287556 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8% көп.              
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 11,5%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 5,5%, сумен жабдықтауда; су бұру; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою бойынша қызметте – 43,2% өсті, тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 0,8% азайды.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының көлемі 378739,4 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 106,8% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 21736,8 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылдың қаңтар- қыркүйекпен салыстырғанда 88% құрады. Жолаушы айналымы 1526,7 млн. жкм-ді құрады, немесе 2025 жылдың қаңтар- қыркүйекпен салыстырғанда 96,8% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 430,5 млрд. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 118,8% құрады.   2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 11,4% көбейді, 265459 шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 77,2% (172670 шаршы метр). Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 36,7% (85516 шаршы метр) азайды.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте капиталға салынған инвестициялар көлемі 961,3 млрд. теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге салыстырғанда 113,8% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 16914 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,4% азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 16555 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 14296 бірлікті құрады, оның ішінде 13937 бірлігі шағын кәсіпорындар. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 14354 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,7% төмендеді.

Экономика

2026 жылғы қаңтар- маусымдағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 2903171 млн. теңгені құрады. 2025 тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 10,6% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 47,4%, қызметтер көрсету – 44,9% құрады.

Тұтыну баға индексі 2026 жылдың қыркүйетегі 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 3,7%, азық-түлік емес тауарлардың – 6,4%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 5,3% өсті.

2026 жылдың қыркүйетегі 2025 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 7,6% қымбаттады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 638,1 млрд. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8% көп.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 1131,1 млрд. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,3% көп.

Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамыздағы ЕАЭО елдерімен өзара сауда 1069 млн. АҚШ долларын құрады және 2025 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда 3,5%-ға азайды, оның ішінде экспорт – 532,9 млн. АҚШ долларын (1,4% азайды), ал импорт – 536,2 млн. АҚШ долларын (5,5% азайды) құрады.

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу бойынша интервьюерлердің тізімі
    08.10.2026

    «ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) Статистикалық жұмыстардың бекітілген жоспарына сәйкес үй шаруашылықтарына зерттеу...

  • Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі бойынша сауалнамаға қатысушы интервьюерлердің тізімі
    02.10.2026

    «ҚР СРЖА Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» УДН нысаны бойынша жалпымемлекеттік...