Ресми статистикалық ақпарат статистикалық жұмыс жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес таратылуға жатады.
Мемлекеттік статистика органдары пайдаланушыларға сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинада оқылатын деректер және статистикалық әдіснама форматындағы ақпаратқа бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарды оларды мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында және "электрондық үкімет" веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.
Ресми статистикалық ақпаратты пайдалану шарттары
Пайдаланушылар ресми статистикалық ақпаратты кез келген мақсатта (оның ішінде толық көлемде қайта пайдалануды қоса алғанда) еркін, тегін, мерзімсіз және аумақтық шектеулерсіз пайдалана алады, соның ішінде ақпаратты көшіру, жариялау, дереккөзге сілтеме жасай отырып тарату, өзгерту, басқа ақпаратпен біріктіру, сондай-ақ бағдарламалық өнімдер мен қосымшалар жасау мақсатында пайдалану құқығына ие.