Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2026 жылғы 1 қыркүйекке Маңғыстау облыс халқының саны 826,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар - 391,8 мың адам (47,4%), ауылдықтар - 434,4 мың адам (52,6%).

Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар-тамыздағы 7995 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 9160 адам).

2026 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 10334 адамды құрады (2025 жылғы қаңтартамызға сәйкес 9,3% азайды), қайтыс болғандар саны 2339 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға сәйкес 4,3% өсті).

Оң көші-қонның айырмасы қалыптасты және - -1468 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда - 742 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда - 1132 адам оң көші-қон айырмасы (2212), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы - -2600 адам (-1470 адам).

Еңбек

2026 жылғы ІІ тоқсанда жұмыссыздар саны 19,8 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 5% құрады.

2026 жылғы 1 қазанға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 23383 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 5,8% болып қалыптасты.

2026 жылғы ІІ тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 673656 теңгені құрады, өсім 2025 жылғы IІ тоқсанға 7% құрады.

2026 жылғы IІ тоқсанда нақты жалақы индексі 96,1% болып қалыптасты.

2026 жылғы IІ тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 289938 теңгені құрады. 2025 жылғы IІ тоқсанға қарағанда 4,2% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың кему қарқыны - 2,2%.

Салалық статистика

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 2987795 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 5,7% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1,2% азайды, өңдеу өнеркәсібінде - 33,5% көбейді, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда - 0,8% көбейді, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте - 9,3% көбейді.

2026 жылғы қаңтар-қыркұйекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 34183,8 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 100,7% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 24619,7 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 100,6% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте жолаушы айналымы 4986,8 млн. жкм-ді құрады, немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 96,9% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 279144,4 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 106,4% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 12% көбейіп, 367,2 мың шаршы метрдіқұрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер 18,3% (209,8 мың шаршы метр) көбейді. Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғынүйлердің жалпы алаңы - 10,6% (157,3 мың шаршы метр) көбейді.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 852204,8 млн. теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 3,3% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 18544 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 2% төмендеді, оның ішінде 18165 адамнан кем қызметкерлері барлар 100 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 16394 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 16016 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 16358 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,8% төмендеді.

Экономика

Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 66,4% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2026 жылғы қаңтар-маусымдағы өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2888956,8 млн. теңгені құрап, 2025 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ көлемінің өзгеру қарқыны 5,1% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарлар өндірісі - 52,5%, қызметтер - 36,6% құрады.

Тұтыну баға индексі 2026 жылдың қыркүйек айы 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,6% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы - 4,3%, азық-түлік емес тауарлардың - 6,2%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы - 7,2% өсті.

2025 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2026 жылдың қыркүйек айында өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 16% көтерілді.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек бөлшек сауда көлемі 405243,1 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3% көп.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек көтерме сауда көлемі 507779,8 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7% көп.

Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 127,6 млн. АҚШ долларынқұрап, 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 4,9% азайды, оның ішінде экспорт - 5,5 млн. АҚШ долларын (58,1% аз), импорт - 122,1 млн. АҚШ долларын құрады (0,9% көп).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    13.10.2026

    2026 жылғы 3 тоқсандағы 2-МП (тоқсандық) «Шағын кәсіпорынның қызметі туралы есеп» статистикалық нысаны бойынша кәсіпорындарға іріктемелі статистикалық  зерттеу. Ұсыну мерзімі – ...

  • Хабарландыру!
    09.10.2026

    Іріктемелі статистикалық бақылау бойынша алғашқы статистикалық деректерді жинаудағы ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша бос интервьюер  орындары «Күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі»...