2026 жылғы 1 қыркүйекте Алматы қаласының халық саны 2387,9 мың адамды құрады.
Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар-тамызда 11873 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 13308 адам).
2026 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 19917 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 7,4% кеміді), қайтыс болғандар саны 8044 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 1,8% кеміді).
Оң мәнді көші-қонның айырмасы қалыптасты және 27920 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда – 27034 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда –1546 адам (1896) - оң мәнді көші-қон айырмасы, ішкі көші-қонда оң мәнді көші-қонның айырмасы – 26374 адам (25138).
2026 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 53,5 мың адамды құрады.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,4% құрады.
2026 жылдың 1 қазанға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 41639 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,4% болып қалыптасты.
2026 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 610371 теңгені құрады, өсім 2025 жылғы ІI тоқсанға 10,2% құрады.
2026 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 100,8% болып қалыптасты.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1973737 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 22,2% артық.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 26,2%, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызметте 4,7%, ал электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 0,1% артты.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 7177 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 106,8% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 47138,6 млн. т-км-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 100,5% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте жолаушы айналымы 22111,4 млн. ж-км-ді құрады, немесе 2025 жылдың қаңтар- қыркүйекпен салыстырғанда 123% құрады.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 830985,4 млн. теңге немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 118,1% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2,1% өсіп, 2030,9 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 2% (1772,5 мың шаршы метр). Пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 4,2% төмендеді (240,8 мың шаршы метр).
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1686178,9 млн.теңгені немесе 2025 жылға қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 103,1% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 168275 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 7,1% көбейді, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 166565 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 125935 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 124298 бірлік құрады. Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 158931 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,8% көбейді.
2026 жылғы қаңтар-маусымда жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 14419067,4 млн. теңгені құрады (ҚР-дағы үлесі 20,2%). 2025 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 3,1% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 8,4%, қызметтер көрсету – 80,5% құрады.
Тұтыну баға индексі 2026 жылғы қыркүйекті 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,6% құрады.
Азық-түлік тауарларының бағасы 4,3%, азық-түлік емес тауарлардың – 7,7%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 8% өсті.
2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2026 жылғы қыркүйекте өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 3,4% қымбаттады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 6574082,4 млн теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% көп.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 14289529,9 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,7% құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 5515,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 0,7% ұлғайды, оның ішінде импорт – 3959,3 млн. АҚШ долларын құрады (2,3% ұлғайды), экспорт – 1556,3 млн. АҚШ долларын құрады (3,2% азайды).
2026 жылғы қазан айына 2-сауда (айлық) "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" нысаны бойынша есептілікке енген респонденттер тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/ Қазақстан...
Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 3 тоқсанға 2-МП тоқсандық "Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп"статистикалық нысанды тапсыратын респондеттер (заңды тұлғалар) тізбесі.
Ұсыну мерзімі –...