Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2026 жылғы 1 қыркүйекке облыс халқының саны 715,5 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғындары – 485,7 мың адам (67,9%), ауыл тұрғындары – 229,8 мың адам (32,1%).

Халықтың табиғи кемуі 2026 жылғы қаңтар-тамызда -848 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде халықтың табиғи кемуі -365 адамды құрады).

2026 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 4484 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамыздан 10,2% кем), қайтыс болғандар саны 5332 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамыздан 0,5% кем).

Көші-қонның теріс айырмасы қалыптасты және -2601 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда – -2987 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда 95 адам оң көші-қон айырмасы (-156), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -2696 (-2831 адам).

Еңбек

2026 жылғы ІІ тоқсанда жұмыссыздар саны 17,7 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,6% құрады.

2026 жылғы 1 қазанда жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 13,8 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,6% болып қалыптасты.

2026жылғы IІ тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 454226 теңгені құрады, өсім 2025 жылғы IІ тоқсанға 8,7% құрады.

2026 жылғы IІ тоқсанда нақты жалақы индексі 98,5% болып қалыптасты.

Салалық статистика

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 2584134,4 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 5,7% кем.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 5,6%, өңдеу өнеркәсібінде – 6,5% төмендеді, ал электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 2,6%, сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 7,9% өсті.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының көлемі 386534,5 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 103,4% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 3910,4 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 101,7% құрады.

Жолаушы айналымы 1286,9 млн. жкм-ді құрады, немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 85,9% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 341682,5 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 115,2% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2,8% өсіп, 216,4 мың шаршы метрді құрады. Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 15,7% (52,7 мың шаршы метр) азайды.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 632066,3 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 108,4% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 14943 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,2% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 14579 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 12429 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 12067 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 12144 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,1% артты.

Экономика

2026жылғы қаңтар-маусымдағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 2595893 млн. теңгені құрады. 2025 жылдың қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 1,2% аз. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 55,6%, қызметтер көрсету – 42,4% құрады.

Тұтыну баға индексі 2026 жылғы қыркүйекте 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,1% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 5,3%, азық-түлік емес тауарлардың – 8,3%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 8,4% өсті.

2025 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда 2026 жылғы қыркүйекте өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 2,6% арзандады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 1053198,5 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға көп.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 826977,5 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,5% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 1615,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 49,2% көбейді, оның ішінде экспорт –525,2 млн. АҚШ долларын (31,9% көбейді), импорт – 1090,6 млн. АҚШ долларын құрады (59,3% көбейді ).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Құрметті респонденттер!
    21.10.2026

    2026 жылғы қазандағы 2-сауда «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (айлық) статистикалық нысаны бойынша кәсіпорындарға іріктемелі статистикалық зерттеу. Ұсыну мерзімі ...

  • Құрметті респонденттер!
    06.10.2026

    2026 жылғы 3-ші тоқсанға 2-қызмет көрсету «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп» (тоқсандық) статистикалық нысаны бойынша кәсіпорындарға іріктемелі статистикалық зерттеу. Ұсыну мерзімі...