Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2026 жылғы 1 қыркүйекке облыс халқының саны 217,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 173,1 мың адам (79,7%), ауылдықтар – 44,2 мың адам (20,3%).

Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар-тамызға 915 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1150 адам).

2026 жылғы қаңтар-тамызға туылғандар саны 2099 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға 11,3% аз), қайтыс болғандар саны 1184 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға 2,6% аз).

Көші-қонның теріс айырмасы қалыптасты және -2690 құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға – -2695 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – -16 адам (-39), ішкі көші-қонда – -2674 адам (-2656).

Еңбек

2026 жылғы ІI тоқсанда жұмыссыздар саны 3595 адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 3,9% құрады.

2026 жылдың 1 қазанға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2578 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,9% болып қалыптасты.

2026 жылғы IІ тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 588 691 теңгені құрады, өсім 2025 жылғы IІ тоқсанға 5,6% құрады.

2026 жылғы ІI тоқсанда нақты жалақы индексі 93,4% болып қалыптасты.

Салалық статистика

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1 663 022 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 7,6% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 10,4% көбейді, өңдеу өнеркәсібінде – 2,3% көбейді, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 15,1% көбейді, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 38,1% көбейді.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 54 592,5 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте қарағанда 1,5% көбейді.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы көлемі 9 785,5 млн. т-км-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылдың қаңтар- қыркүйекпен салыстырғанда 103,6% құрады.

Жолаушы айналымы көлемі – 592,8 млн. ж-км-ді құрады, немесе 2025 жылдың қаңтар- қыркүйекпен салыстырғанда 84,8% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 265 436 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 243,6% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекке пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 9,9% көбейді, 70,5 мың шаршы метрді құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 328 747,1 млн.теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар-қыркүйектен салыстырғанда 188,2% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша 2923 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6% азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 2831 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 2645 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 2553 бірлікті құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 2008 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4% азайды.

Экономика

2026 жылғы қаңтар-маусым жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1 221 519,1 млн. теңгені құрады. 2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 21,0% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 67,2%, қызметтер көрсету – 30,9% құрады.

Тұтыну бағасының индексі 2026 жылдың қыркүйектің 2025 жылғы желтоқсанымен салыстырғанда 107,3% құрады.

2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың қыркүйегінде азық-түлік тауарларының бағасы 6,2%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 6,2%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 10,6% өсті.

2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың қыркүйегінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 3,8% өсті.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 100 137,8 млн.теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға көп.

2026 жылғы қаңтар- қыркүйекте көтерме сауда көлемі 99 447,2 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 31,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар-тамызда салыстырғанда 13,8% азайды, оның ішінде экспорт – 3,2 млн. АҚШ долларын (53,6% аз), импорт – 28,6 млн. АҚШ долларын құрады (4,8% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру