Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Халық саны және көші-қоны

2026 жылғы 1 қыркүйекке облыс халқының саны 718,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 394,5 мың адам (54,9%), ауылдықтар – 323,8 мың адам (45,1%).

Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар-тамызға 5784 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 6788 адам).

2026 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 8089 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға сәйкес 11,1% азайды), қайтыс болғандар саны 2305 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға сәйкес 0,3% азайды).

Көші-қон айырмасы – -3544 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамыз – -3626 адам) оның ішінде сыртқы көші-қонда – 82 адам (300), ішкі көші-қонда– -3626 адам (-3936).

Еңбек

2026 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 18014 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8% құрады. 2026 жылғы 1 қазанға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 13154 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,5% болып қалыптасты.

2026 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 631555 теңгені құрады, 2025 жылғы II тоқсанға 7,9% көбейді. 2026 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 96,6% болып қалыптасты.

2026 жылғы II тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысын бағалау бойынша 304479 теңгені құрады. 2025 жылғы II тоқсанға қарағанда 1,5%-ға төмен аталған кезеңге нақты ақшалай табыс – 11,8% төмендеді.

Салалық статистика
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 12433570 млн. теңгені құрады, немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 94% құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 8,5% азайды, өңдеу өнеркәсібінде –13,6%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 6,2%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 7,9% көбейді.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 117619,2 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 101,8% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 46642 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 94,3% құрады.

Жолаушы айналымы 2695,4 млн. жкм-ді құрады, немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 67,6% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 561834 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 122,2% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 15,6% кеміді, 402 мың шаршы метрді құрады. Пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 23,4% кеміді (256 мың шаршы метр).

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1205506 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 103,7% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы 14819 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,3% көбейді, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлер барлары 14433 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 12066 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 11680 бірлікті құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 12751 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,1% артты.

Экономика

2026 жылғы қаңтар-маусымдағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен (жедел деректер бойынша ) 8298543,9 млн. теңгені құрады. 2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 97,1% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 52,7%, қызметтер көрсету – 34,9% құрады.

Тұтыну баға индексі 2026 жылғы кыркұйекті   2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107.4% құрады.

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы 9,3%, азық-түлік емес – 9%, азық-түлік тауарлардың – 5.5% өсті.

2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2026 жылғы қыркүйекте өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 117,1% құрады.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 514724,7 млн.теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға көп.

2026 жылғы қаңтар- қыркүйекте көтерме сауда көлемі 5478705,6 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 255,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 3,2% азайды, оның ішінде экспорт – 69 млн. АҚШ долларын (10,6% көбейді), импорт –186,6 млн. АҚШ долларын құрады (7,5% азайды).

Хабарландырулар
Барлығын көру
  • Интервьюерлер қабылдау
    28.09.2026

    «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті, өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша 2026 жылғы 1  қазан...

  • Интервьюерлер
    08.07.2026

    Тұрмыс деңгейі бойынша зерттеуге тартылған интервьюерлер тізімі