2026 жылғы 1 қыркүйекке Ақтөбе облысы халқының саны 958,9 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғындары – 735,1 мың адам (76,7%), ауыл тұрғындары – 223,8 мың адам (23,3%).
Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар-тамызда 5993 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 6743 адам).
2026 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 9705 адам (2025 жылғы қаңтар-тамызға сәйкес 7,1% азайды), қайтыс болғандар саны 3712 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызға сәйкес 0,2% көбейді).
Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және – -3040 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар-тамызда – -2253 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 81 адам оң көші-қон айырмасы (248), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -3121 (-2501 адам).
2026 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 22,4 мың адамды құрады.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,6% құрады.
2026 жылғы 1 қазанға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 20171 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 4,1% болып қалыптасты.
2026 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 440520 теңгені құрады, өсім 2025 жылғы II тоқсанға 8,7% құрады.
2026 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 98,4% болып қалыптасты.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 2331148,9 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1,1% өсті.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,1% өсті. Өңдеу өнеркәсібінде 0,7% төмендеді, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 0,8% өсті. Сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 1,2% төмендеді.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының көлемі 337065,8 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 102,8% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 28176,9 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдау мен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүкайналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 103,8% құрады.
Жолаушы айналымы – 2992,3 млн. жкм-ді құрады, немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 107,5 % құрады.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 353284,6 млн.теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 112,3% құрады.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2,9% өсіп, 633 мың шаршы метрді құрады, олардан жеке тұрғын үйлер–2,2% (415,7 мың шаршы метр), көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 3,7% (216,3 мың шаршы метр).
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 880306,5 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке 102,7% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 19374 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,5% азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 18995 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 15803 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 15425 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 16439 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,9% азайды.
2026 жылғы қаңтар-маусымда жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 2809785,3 млн. теңгені құрады. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 1,1% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 47,2%, қызметтер көрсету – 48,4% құрады.
Тұтыну баға индексі 2026 жылғы қыркүйекте 2025 жылғы желтоқсанымен салыстырғанда 106% құрады.
Азық-түлік тауалардың бағасы – 5,6%, азық-түлік емес тауарлардың – 7,1%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 5,5% өсті.
Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2026 жылғы қыркүйекте 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,3% өсті.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 689588,8 млн.теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға артты.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 1332873,2 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 101,6% .
Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 561,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 3,8% азайды, оның ішінде экспорт – 112,3 млн. АҚШ долларын (22,6% азайды), импорт – 448,7 млн. АҚШ долларын құрады (2,4% артты).
2026 жылғы қазан айына "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" 2-сауда нысаны бойынша іріктемеге түскен кәсіпорындар тізімі.
Тапсыру мерзімі - есептік кезеңнен кейінгі 3-күнге (қоса...
Құрметті респонденттер! Сізге 2026 жылғы қазан айына 1-көлік (айлық) «Көлік жұмысы туралы есеп» нысаны бойынша мемлекеттік статистикалық есепті ұсыну қажет екендігін естеріңізге саламыз. Ұсыну...