Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық және оны жүргізу жөніндегі бөліміне (облыстың аудандық маңызы бар аудандары мен қалаларында және ауылдық елді мекендерінде) нұсқаушыларды қабылдау туралы хабарландыру жарияланады.
1. Алматы облысының қалары мен аудандарында ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық және оны жүргізу жөніндегі бөлімінің нұсқаушысы С2 санаты-103 бірлік, С3 санаты - 461 бірлік.
Жұмыс мерзімі: 2025 жылғы 1 мамырдан 31 желтоқсанға дейін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық және оны жүргізу кезеңіне(уақытша)
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125.
Анықтама телефоны: (8-727) 277-62-59.
Әңгімелесуге қатысу үшін үміткерлердің өтінімдері (түйіндемелері) kadr.obl.stat@bk.ru электрондық мекенжайы арқылы қабылданады.