Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Алматы облысы
Хабарландырулар
19.08.2024
Құрметті Алматы облысы тұрғындары!

Құрметті Алматы облысы тұрғындары!

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2024 жылғы 20 тамыз және 30 қыркүйек аралығында Талғар қаласында, Шамалған және Қараой ауылдарында пилоттық ауыл шаруашылығы санағын өткізеді.

Сауалнамалық сұрақтар қою үшін Сізге (тізімде көрсетілген) интервьюер жолығып, арнайы куәлік көрсетеді. 

Толығырақ нақтылау және кеңес беру сипатындағы ақпаратты алу үшін 277-68-87 Департамент нөміріне немесе 1446 Ұлттық статистика Бюросының біріңғай байланыс орталығы телефондарына қоңырау шалуға болады.

Түсініктік пен ынтымақтастығыңыз үшін Сізге рақмет!