Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Алматы облысы
Хабарландырулар
22.04.2025

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы ​​облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық және оны жүргізу жөніндегі бөліміне (облыстың аудандық маңызы бар аудандары мен қалаларында және ауылдық елді мекендерінде) нұсқаушыларды қабылдау туралы хабарландыру жарияланады.

1. Алматы облысының қалары мен аудандарында ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық және оны жүргізу жөніндегі бөлімінің нұсқаушысы С2 санаты-103 бірлік, С3 санаты - 461 бірлік.

Жұмыс мерзімі: 2025 жылғы 1 мамырдан 31 желтоқсанға дейін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық және оны жүргізу кезеңіне(уақытша) 

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Алматы ​​қаласы, Абай даңғылы, 125.

Анықтама телефоны: (8-727) 277-62-59.

Әңгімелесуге қатысу үшін үміткерлердің өтінімдері (түйіндемелері) kadr.obl.stat@bk.ru электрондық мекенжайы арқылы қабылданады.

 

19.08.2024

Құрметті Алматы облысы тұрғындары!

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2024 жылғы 20 тамыз және 30 қыркүйек аралығында Талғар қаласында, Шамалған және Қараой ауылдарында пилоттық ауыл шаруашылығы санағын өткізеді.

Сауалнамалық сұрақтар қою үшін Сізге (тізімде көрсетілген) интервьюер жолығып, арнайы куәлік көрсетеді. 

Толығырақ нақтылау және кеңес беру сипатындағы ақпаратты алу үшін 277-68-87 Департамент нөміріне немесе 1446 Ұлттық статистика Бюросының біріңғай байланыс орталығы телефондарына қоңырау шалуға болады.

Түсініктік пен ынтымақтастығыңыз үшін Сізге рақмет!

29.07.2024

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Алматы облысы бойынша департаменті әкімшілік дереккөздерді (әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін) қайта қарауға байланысты 2024 жылғы қаңтар-маусымдағы мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері туралы статистикалық бюллетені 2024 жылы 31 шілдеде жарияланатынын хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Сіздерге 2022 жылғы 14 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуі туралы хабарлаймыз, оның шеңберінде «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мынадай түзетулер көзделген

Онлайн кеңесші