2026 жылғы 1 наурызға облыс халқының саны 790,7 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 457,8 мың адам (57,9%), ауылдықтар – 332,9 мың адам (42,1%).
Халықтың табиғи өсімі 2026 жылғы қаңтар – ақпанда 293 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 238 адам).
2026 жылғы қаңтар - ақпанда туылғандар саны 1370 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар - ақпанға сәйкес 4,7% көбейді), қайтыс болғандар саны 1077 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар - ақпанға сәйкес 0,6% көбейді).
Көші-қонның айырмасы оң болып қалыптасты және 798 адамды құрады (2025 жылғы қаңтар – ақпанда - -94 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – көші-қон айырмасы оң болып қалыптасты және 50 адам құрады(45 адам), ішкі көші қонда көші-қонның айырмасы оң болып қалыптасты және 748 адам құрады (-139 адам).
2025 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 18,9 мың адамды құрады.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,5% құрады.
2026 жылдың 1 сәуірге жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 7904 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 1,9% болып қалыптасты.
2025 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 408595 теңгені құрады, өсім 2024 жылғы IV тоқсанға17,4% құрады.
2025 жылғы IV тоқсанда нақты жалақы индексі 103,3% болып қалыптасты.
2025 жылғы IV тоқсанда облыс халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 237792 теңгені құрады. 2024 жылғы IV тоқсанға қарағанда 17,3% жоғары, аталған кезеңге халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 3,3% артты.
2026 жылғы қаңтар-наурыздағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 577601,4 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 13,8% төмен.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1,3%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 18%-ға және электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 0,3% азайды, сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою бойынша қызметте – 7,1% өсуі байқалды.
2026 жылғы қаңтар - наурыз ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 96923,8 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар – наурыз салыстырғанда 102,7% құрады.
2026 жылғы қаңтар - наурызда көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 5963,8 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің орындаған жұмыс көлемі есебімен), немесе 2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 95,2% құрады.
Жолаушы айналымы 204,6 млн. жкм-ді құрады, немесе 2025 жылғы қаңтар - наурызбен салыстырғанда 123,9% құрады.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 28807,1 млн. теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар - наурызымен салыстырғанда 76,6% құрады.
2026 жылғы қаңтар - наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 12,6% төмендеп, 98,5 мың шаршы метрді құрады, олардан көп пәтерлі тұрғын үйлер - 14,8% (36,8 мың шаршы метрді), пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 11,1% (61,7 мың шаршы метрді) төмен.
2026 жылғы қаңтар - наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 106096 млн. теңгені немесе 2025 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 114,8% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 14965 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,1% азайды, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 14603 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 13016 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 12656 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 11721 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,2% азайды
2025 жылғы қаңтар – қыркүйегінде жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 2979672,0 млн.теңгені құрады. 2024 жылғы қаңтар - қыркүйекпен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 106,2% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 49.7%, қызметтер көрсету – 46,5% құрады.
Тұтыну бағасының индексі 2026 жылғы наурыз 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,1% құрады, соның ішінде азық-түлік тауарларға бағалар – 104%, азық-түлік емес тауарларға – 103,2%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 101,7%. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2026 жылғы наурыз 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 19,5% артты.
2026 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 119910,7 млн.теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға көп.
2026 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 222307,2 млн. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113,6% құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар-ақпанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 64,4 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 14,2 млн. АҚШ доллар, импорт – 50,2 млн. АҚШ доллар.
Объявляется набор интервьюеров по договору возмездного оказания услуг для проведения выборочных обследований занятости населения и уровня жизни по статистическим наблюдениям:
Т-001, Д-001, Д-002, Д-003,...