Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны ресми түрде бастау алды.
Марафон шеңберінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің кәсіби, интеллектуалдық және тұлғалық әлеуетін арттырубойынша «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты іске асырылатын болады.
Өз кезегінде, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 4-бабының 8) тармағы және 7-бабына сәйкес мемлекеттік қызметші кәсіби құзыреттерін үздіксіз жетілдіріп, біліктілігін арттыруға тиіс.
Бұл талап мемлекеттік қызметшінің кәсіби дамуын бір жолғы оқыту шараларымен шектемей, оны жүйелі процесс ретінде қарастыруды көздейді. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің білімін ұдайы толықтыруы, ой-өрісін кеңейтуі және кәсіби әлеуетін арттыруы мемлекеттік аппараттың сапалы әрі тиімді қызмет етуінің маңызды алғышарты болып табылады.
Осыған орай, жобаның 1-кезеңі – «Ақпараттық науқан және тіркеу»
(2026 жылғы 1-15 қыркүйек) аясында тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қызметшілерді жобаға қамтуды қамтамасыз ету мақсатында:
1) Сіздің мемлекеттік органыңыздың мемлекеттік қызметшілерінің, сондай-ақ ведомствоға қарасты мекемелердің азаматтық қызметшілерінің www.reading-nation.kz ресми платформасында тіркелуін және марафонға белсенді қатысуын қамтамасыз етуін;
2) әрбір мемлекеттік орган мен мекеме бойынша «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағытына жауапты үйлестірушілерді айқындауын;
3) 15 қыркүйекке дейін мемлекеттік органдардың ұжымдарында, аппараттық жиындарда марафонның мақсаты, шарттары мен ережелерін түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруын;
4) баспасөз анонсы мен ресми бейнероликті мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде таратуды ұйымдастыруын;
5) мемлекеттік органдар мен мекемелердің ғимараттарында марафонның афишалары мен плакаттарын орналастыруын;
6) ғимараттардағы ақпараттық LED-экрандар мен мониторларда ресми бейнероликтің үздіксіз ротациялануын қамтамасыз етуін сұраймыз.
Жоғарыда аталған іс-шараларды сапалы іске асыру қосымшаға сәйкес ақпараттық-медиа материалдар электронды түрде қоса беріледі.
1. Жобаныңбасталуытуралыресмибаспасөз анонсы;
2. Ресмибейнеролик;
3. Брендингжәне визуализация эскиздері (афишалар, плакаттар, роллаптар).
https://drive.google.com/drive/folders/1TWRHr55j6b_WF-IY60qsNTlTj2jIyTeE?usp=sharing