Статистикалық байқаулар негізінде үй шаруашылықтарына сауалнама жүргізу бойынша ақылы қазметтерді көрсету шарты бойынша интервьюерлерді жұмысқа қабылдау жарияланады:
1) «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» зерттеу бойынша
Өткізу орны: Жезқазған қ.
Қызмет көрсету мерзімі: 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік, еңбек өтілі бойынша талаптар қойылмай жалпы орта білім.
Функционалдық міндеттері: Респонденттердің жеке сауалнамасы арқылы статистикалық байқау жүргізу, статистикалық нысанды толтыру және аумақтық статистика органына ұсыну, бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Жезқазған қаласы, І.Есенберлин көшесі 65 ү, 1б т.е.бөл, анықтама телефоны: 8 (7102) 41-46-39.
Әңгімелесуге қатысу үшін үміткерлердің өтінімдері [email protected] электрондық мекенжайға қабылданады.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2025 жылғы 9 қаңтар.