Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 29 наурыздағы № 44 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 21 мамырдағы № 41 бұйрығы негізінде а.ж. 27 мамырдан бастап 3 маусым аралығында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігін хабарлайды. Ішкі талдау объектісі: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті. Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2023 жылғы қыркүйектен – 2024 жылғы сәуір аралығы. Ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше: Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаментінің Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (байланыс тел.:8(7102) 41-46-39). Ішкі талдаудың негізгі бағыттары: 1) Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 3) Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 4) Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 5) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 6) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 7) Қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.