26.05.2023
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті 2023 жылдың 1 маусымынан Қармақшы ауданының халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеуге интервьюер қабылдайтынын хабарлайды (өтелмелі қызмет көрсету келісім бойынша).
Әңгімелесу: 26 мамыр 2023 жыл.
Мекен - жай: Қызылорда қ., Ы.Жахаев көшесі, 12
Байланыс телефондар: 27-47-81
07.04.2023
Ұлттық статистика бюросы 1446 бірыңғай нөмірі арқылы байланысуға болатын пайдаланушыларға арналған байланыс орталығын іске қосты. Бұл нөмірге қалалық телефондардан, ұялы телефондардан да тегін хабарласуға болады.
Байланыс орталығының операторлары Бюро қызметіне қатысты бірқатар мәселелер бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде келіп түсетін қоңырауларға жауап беріп, өтініштерді қабылдай алады. Атап айтқанда, Бюро сайты бойынша ақпарат іздеу, статистикалық нысандарды толтыру мен олардың әдіснамасы, статистикалық есептілікті тапсыру кезінде туындайтын техникалық сұрақтар бойынша жүгінуге болады.
24.03.2023
2023 жылғы 1 сәуірден 15 мамырға дейінгі кезеңде интервьюерлер Сіздің үйіңізге барған кезде сауалнама әдісімен жүргізілетін «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» іріктемелі зерттеу жүргізу жоспарланғанын хабарлаймыз.
Сізге интервьюердің сұрақтарына жауап беру туралы өтінішпен жүгінеміз. Құқық қорғау органдарының жұмысы туралы Сіздің пікіріңіз, өз қауіпсіздігіңізді қабылдау және аудандағы қылмыс жағдайы құқық қорғау жүйесінің жұмысын жақсарту бойынша мемлекеттік саясаттың тиімділігіне қол жеткізу үшін қажет.
Сіздерді белсенді қатысуға шақырамыз!
ҚР «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына сәйкес Сізден алынған ақпарат қатаң құпия болып, тек статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатынына кепілдік береді.
15.02.2023
2022 жылғы қаңтарға "Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы" баяндамасы орналастырылғаны жөнінде хабарлаймыз.
14.02.2023
Сіздерді 2023 жылдың 16 ақпанында сағат 11:00 ҚР СЖРА ҰСБ-ң Қызылорда облысы бойынша департаментінің Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімі, Қызылорда облысы статистика департаментінің мәжіліс залында респонденттердің, мүдделі мемлекеттік органдар мен «Атамекен» Ұлттық кәміпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өтетін семинарға шақырамыз. Семинар тақырыбы: «Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасының есептіліктері бойынша әдіснамалық нұсқаулығы». Семинар барысында есептіліктерді толтыру бойынша кеңес беріледі және 2024 жылға (1-П жылдық, 1-П тоқсандық, 1-П айлық) статистикалық нысандарын қайта қаралу мәселелері талқыланады». Сұрақтар бойынша: 8 /7242/ 27-46-04.
13.02.2023
Сіздерді 2023 жылдың 13 ақпанында сағат 16-00-де ҚР СЖРА ҰСБ Қызылорда облысы бойынша департаментінің Құрылымдық статистика бөлімімен офлайн режимде өткізілетін семинарға шақырамыз. Семинар тақырыбы: «Құрылымдық статистика бойынша көрсеткіштерін қалыптастыру». Сұрақтар бойынша 8/7242/ 27-43-93.
13.02.2023
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша Департаменті 2023 жылдың 15 ақпанында сағат 16-30-да офлайн режимінде өтетін семинарға шақырады. Семинар тақырыбы «Құрылыс және инвестициялар статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру». Байланыс телефон 8/7242/ 272694.
09.02.2023
Сіздерді 2023 жылдың 14 ақпанында сағат 11:00 ҚР СЖРА ҰСБ-ң Қызылорда облысы бойынша департаментінің Қызмет көрсету статистикасы бөлімі, Қызылорда облысы статистика департаментінің мәжіліс залында респонденттердің, мүдделі мемлекеттік органдар мен «Атамекен» Ұлттық кәміпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өтетін семинарға шақырамыз. Семинар тақырыбы: «Көлік статистикасының есептіліктері бойынша әдіснамалық нұсқаулығы». Семинар барысында есептіліктерді толтыру бойынша кеңес беріледі және 2024 жылға (1-көлік, 2-көлік, 1-ЖД, 1-ДК (автожүктер), 1-ДК (автожолаушылар)) статистикалық нысандарын қайта қаралу мәселелері талқыланады».
Сұрақтар бойынша: 8 /7242/ 27-49-14.
07.02.2023
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті, а.ж. 9-15 ақпан аралығында төмендегі кестеге сәйкес респонденттердің, мүдделі мемлекеттік органдар мен «Атамекен» Ұлттық қәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел, семинарлар өткізілетіндігін хабарлайды. Дөңгелек үстел, семинарлар барысында статистикалық нысандардың дизайнына, көрсеткіштерінің өзектілігіне және оны толтыру бойынша нұсқаулыққа қатысты мәселелер талқыланады.
26.01.2023
Сіздерді 2023 жылдың 31 қаңтарында сағат 15:00 ҚР СЖРА ҰСБ-ң Қызылорда облысы бойынша департаментінің Ауыл шаруашылығы статистикасы бөлімімен офлайн режимде өткізілетін семинарға шақырамыз. Семинар тақырыбы: «Ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша бастапқы статистикалық есептіліктерді сапалы, уақытылы ұсыну бойынша әдістемелік түсіндірмелер және есептіліктерді қайта тапсырған респонденттермен жұмысты ұйымдастыру». Сұрақтар бойынша 8 /7242/ 27-47-91.
24.01.2023
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, респондентке бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
17.01.2023
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті (әрі қарай -Департамент) «Үй шаруашылығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы туралы зерттеу сауалнамасы» (Н-020) және «Үй шаруашылықтарының сапарға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» (Н-050) үшін сұхбат алушыларды қабылдауды жүргізеді.
Сұхбат алушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, сауалдар жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесі болғаны жөн. Департамент сұхбат алушылармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ақылы қызмет көрсетуге келісім-шартқа отырады.
Сұхбат алушылардың жұмыс кезеңі 2023 жылдың 19 қаңтарынан 30 қаңтары (қоса алғанда) аралығында болады.
Қызылорда облысының Статистика департаменті, Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 12, факс 27-45-23, код 8-72-42, т. 27-49-14
13.01.2023
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанға "Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы" баяндамасы орналастырылғаны жөнінде хабарлаймыз.
09.01.2023
Сіздерді 2023 жылдың 11 қаңтарында сағат 15:00 ҚР СЖРА ҰСБ-ң Қызылорда облысы бойынша департаментінің Қызмет көрсету статистикасы бөлімі Zoom бейнеконференциясы арқылы өткізетін семинарға шақырамыз. Семинар тақырыбы: «Туризм статистикасының әдіснамалық нұсқаулығы (2-туризм нысаны)».
09.01.2023
Сіздерді 2023 жылдың 13 қаңтарында сағат 15:00 ҚР СЖРА ҰСБ-ң Қызылорда облысы бойынша департаментінің Қызмет көрсету статистикасы бөлімі Zoom бейнеконференция арқылы өткізетін семинарға шақырамыз. Семинар тақырыбы: «Мәдениет статистикасының есептіліктері бойынша әдіснамалық нұсқаулығы (1-музей, 1-демалыс, 1-кітапхана нысандар)».
Сұрақтар бойынша: 8 /7242/ 27-49-14.
06.01.2023
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті (әрі қарай -Департамент) «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» (Н-060) үшін сұхбат алушыларды қабылдауды жүргізеді.
Сұхбат алушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, сауалдар жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесі болғаны жөн. Департамент сұхбат алушылармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ақылы қызмет көрсетуге келісім-шартқа отырады.
Сұхбат алушылардың жұмыс кезеңі 2023 жылдың 20 қаңтарынан 30 қаңтары (қоса алғанда) аралығында болады.
Қызылорда облысының Статистика департаменті, Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 12, факс 27-45-23, код 8-72-42, кадрлық қызмет сұрақтары бойынша - т. 27-49-14