ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Жамбыл облысы
Хабарландырулар
15.03.2023
"Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы" 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы баяндамасы орналастырылғаны жөнінде хабарлаймыз.
02.03.2023
«ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ, «Халықтың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейі»  статистикалық байқауы бойынша  зерттеу жүргізу үшін интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды.
Зерттеу өткізу мерзімі – 2023 жылғы 1 сәуірден 15 мамырға дейін.
Қойылатын талаптар: Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды қоюсыз.
Лауазымдық міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы сауалнаманы жүзеге асыру және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына жазу;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау барысында және байқау аяқталғаннан кейін алынған алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 №208 кабинет мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 45-74-34.
22.02.2023
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша  департаменті» РММ іріктемелі зерттеу үшін  А-008 (тоқсандық) «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру» жалпы мемлекеттік статистикалық байқауы сауалнамасы бойынша интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды.
Зерттеу өткізу мерзімі – есепті кезеңнің 2023 жылғы 11- інен бастап 25наурыз, 11- інен бастап 25 маусым, 11- інен бастап 25 қыркүйек, 11- інен бастап 25 желтоқсан аралықтарындағы кезең.
Лауазымның міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.
Барлық сұрақтар бойынша Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 №314 кабинеті мекен-жайына хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7262) 45-65-87.
28.12.2022
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз  қаласының  халықының тұрмыс деңгейін зерделеу бойынша статистикалық зерттеу жүргізу үшін интервьюерді (өтемелі қызмет көрсету келісімшарты бойынша тартылған қызметкер) қабылдау туралы хабарлайды.
Сіздің өтініштеріңіз және түйіндемелеріңіз Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 (315 бөлме) мекенжайында немесе zh.stat@aspire.gov.kz электрондық пошта бойынша қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7262) 43-44-78.


Онлайн кеңесші