Құрметті респонденттер! «ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ 2026 жылғы қаңтар - қыркүйектегі «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» 1-СР жылына бір рет статистикалық нысанын тапсыру қажеттілігі туралы хабарлайды, ұсыну мерзімі - 2026 жылғы 31 қазанға дейін (қоса алғанда).
«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстаноблысы бойынша департаменті» РММ-не «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» УДН нысаны бойынша статистикалық байқауды өткізу үшін ақылы қызмет көрсету шарты негізінде жұмыс істейтін интервьюерлер 2026 жылғы 1 қазаннан бастап 15 қараша аралығында қажет:Петропавл қаласы– 1бірлік,Айыртау ауданы-1,Жамбыл ауданы – 1,Мамлют ауданы – 1,Шал ақын ауданы - 1,Ғ. Мүсірепов ат. аудан – 1. Үміткерге қоса берілген нысанға сәйкес толтырылған өтінімді, сонымен бірге білімі туралы құжаттың көшірмесін «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ (Петропавл қ., Нұрсұлтан Назарбаев к-сі, 83, 208-кабинет) немесе аудандық бөлімшеге ұсынуға, немесе statsko@aspire.gov.kz электрондық поштасына жолдау қажет.
Өтінімдерді қабылдаудың түпкілікті мерзімі 2026 жылғы 29 қыркүйек
Байланыс телефоны: 8 (7152) 46-10-63
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2026 жылға арналған респондеттермен өткізілетін семинарлар