ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Атырау облысы
Хабарландырулар
1-Т«Еңбек бойынша есеп»  нысанды толтыру принциптері тақырыбында оқыту-семинары өтеді

ҚР СЖРА ҰСБ Атырау облысы бойынша департаментінің респонденттерге арналған оқыту семинарларын 2023 жылы өткізу жоспарына сәйкес, а.ж. 8 ақпан сағат 15-00 де, Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бөлімі 1-Т «Еңбек бойынша есеп» нысанды толтыру принциптері тақырыбында оқу-семинарын өткізеді. 1-Т «Еңбек бойынша  есеп» нысанын табыс ететін респонденттерді аталған семинарға қатысуға шақырамыз. Мекен-жайы: Махамбет көшесі, 116 «Б», 4-қабат, мәжіліс залы.

Барлық сұрақтар бойынша Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бөліміне  хабарласуға болады.
Бөлім басшысы: Кульчиева Марал Түгілбайқызы
Тел: 8 (7122) 32-39-73.
06.02.2023
2023 жылғы 30 қаңтарда сағат 11:00-де, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Әлеуметтік және демографиялық статистика бөлімі он-лайн режимінде ZOOM платформасында    7-ТПЗ  (жылдық) «Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп» статистикалық нысанын толтыру бойынша респонденттермен оқыту-семинар өткізеді.  

Барлық сұрақтар бойынша  8 (7122) 32-39-58 телефон нөміріне хабарласуға болады.
27.01.2023
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті, өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша 2022 жылғы 1  қазан мен  15 қараша аралығында 10 адамды (Атырау қ. мен аудандар бойынша) үй шаруашылықтарын зерттеуге «Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімділік деңгейі» статистикалық байқауы бойынша интервьюерлер қабылдайтындығын хабарлайды.

Интервьюердің біліктілігіне қойылатын талаптар:

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды ұсынусыз.

Қызметтік функциялары:

1.Статистикалық байқауларды жүргізуге дайындық

Мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, статистикалық байқауларды жүргізуді регламенттейтін, әдістемелік және нұсқамалық құжаттарды, әдіснамалық және статистикалық құралдарды зерделеу. Статистикалық байқауға жататын үй шаруашылықтарының тізімдерін нақтылау және статистикалық байқау туралы ақпараттандыру, үй шаруашылықтарының арасында насихаттау-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау.

2.Статистикалық байқауларды жүргізу.

Бекітілген статистикалық нысандар бойынша үй шаруашылықтарына сауал салуды жүргізу. Статистикалық байқаулардың мақсаттарын түсіндіру және статистикалық нысандарды толтыру кезінде үй шаруашылықтарына консультация беру. Анықталған кемшіліктерді түзету және қосымша сұрақтар бойынша статистикалық байқаулардың  материалдарын нақтылау үшін үй шаруашылықтарына қайтадан бару. Үй шаруашылықтарынан алынған деректерге логикалық бақылау жүргізу. Үй шаруашылықтарынан алынған деректерді қалыптастыруға, өңдеуге дайындау.

Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар

Детальдарға мұқият болу. Нормативтілік. Көпшілдік. Ықпал ету. Ауызша және жазбаша коммуникация.  Жауапкершілік. Әдептілік нормаларын ұстану. Нәтижеге бағдарлану. Клиентке бағдарлану.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға: Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 б, №33 кабинетке хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7122) 32-39-58, факс: (8-7122) 32-42-95, электрондық мекенжайы: M.Kurmanbayeva@aspire.gov.kz

Пікірлер мен ұсыныстар