2026 жылғы сәуір айына 2-сауда (айлық) "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп" нысаны бойынша есептілікке енген респонденттер тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/ Қазақстан Республикасы өңірлерінің статистикасы /Алматы қаласы/Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» бөлімінде орналасқандығын хабарлаймыз.
Тапсыру мерзімі - 4 мамырға дейін (қоса алғанда)
Барлық сұрақтар бойынша 375-22-09; 376-04-08 телефонына хабарласуға болады.
Электрондық мекенжай: M.Uteulina@aspire.gov.kz
Құрметті респонденттер!
Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 1 тоқсанға 2-МП тоқсандық "Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп"статистикалық нысанды тапсыратын респондеттер (заңды тұлғалар) тізбесі.
Ұсыну мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 25 - күнге (қоса алғанда) дейін.
Іріктемелі зерттеуге енгізілген заңды тұлғалардың тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/ Қазақстан Республикасы өңірлерінің статистикасы / Алматы қаласы/ Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» бөлімінде орналастырылған.
Барлық сұрақтар бойынша 1446, 376-04-00, 375-21-39 телефондарына хабарласуға болады.
2026 жылғы 1 тоқсанына 2- қызмет (тоқсандық) "Көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп" нысаны бойынша есептілікке енген респонденттер тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/ Қазақстан Республикасы өңірлерінің статистикасы /Алматы қаласы/Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» бөлімінде орналасқандығын хабарлаймыз.
Тапсыру мерзімі - 27 сәуірге дейін (қоса алғанда)
Барлық сұрақтар бойынша 375-26-98; 376-04-38 телефонына хабарласуға болады
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» (УДН) сауалнама жүргізу үшін интервьюерлерді жалдау туралы хабарлайды. Өткізу мерзімі: 2026 жылдың 1 сәуірінен 15 мамырына дейін. Сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласуға болады: 277-55-56, 375-38-78. Мекен жайы: Абай даңғылы, 125/ Жароков көшесінің қиылысы.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын жетілдіру және респонденттерге жүктемені төмендету мақсатында, Департамент 2027 жылға арналған статистикалық нысандарды қайта қарау бойынша 2026 жылғы 26 ақпанда сағ. 15.00-де (Абай даңғылы 125, Жароков көшесінің қиылысы мекенжайы бойынша) респонденттермен кездесу өткізетінін хабарлайды.
Осыған орай, барлық мүдделі респонденттерді дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз!
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ 2026 жылға жұмыспен қамту деңгейін бағалау бойынша Алматы қаласында «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы» статистикалық байқау жүргізу үшін интервьюерді (өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша тартылған қызметкер) бос орынға қабылдауды жариялайды. (Өткізу мерзімі 2026 жылғы 1 наурыздан 31 желтоқсанға дейін). Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125 үй/Жароков көшесінің қиылысы, 305 кабинет, анықтама телефоны: 8(727) 375-38-12. Өтініштер мен түйіндемелер де sab.boken@aspire.gov.kz электрондық мекен-жайға қабылданады.
Мерзімділігі: жылдық, кезеңі: 2025 жыл статистикалық нысандары бойынша қызметтің жоқтығы туралы хабарламаларды (анықтаманы) ұсыну үшін респонденттің кабинетінде анықтаманы қалыптастыру кезінде 2026 жыл тізімінен таңдау қажет. 2025 жылғы жылдық нысандар 2026 жылғы жүгіртпеде отырады.
2026 жылға Статистикалық күнтізбені ақпарат үшін ұсынамыз.
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Статистикалық жұмыстар Жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті халықты (үй шаруашылықтарын) тоқсан сайын іріктеп зерттеу жүргізеді, бұл Алматы қаласындағы халықтың өмір сүру деңгейін зерттеуге көмектеседі. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 5 бабына сәйкес Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.
Сіздердің жауаптарыңыз қаладағы халықтың кедейшілік деңгейін, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының тиімділігі туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер жиынтық күйінде халықты әлеуметтік қорғау саласында дамуының әртүрлі бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланылады. Зерттеу барысында алынған ақпарат біздер үшін жарқын келешекті жоспарлауға қажет!
Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды, өйткені үй шаруашылықтары математикалық, әдіснамаға сәйкес кездейсоқ әдіспен таңдалып алынды. Сіздерге сауалнамаға белсенді қатысуға және сұратылған қажетті ақпаратты беруді сенімді өтінішпен сұраймыз. Сауалнама нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты. Сауалнамалық сұрақтар қою үшін интервьюер Сізге жолығып, арнайы куәлік көрсетеді.
Оның келу кезеңі интервьюердің жұмыс Кестесімен реттеледі. Толығырақ нақтылау және кеңес беру сипатындағы ақпаратты алу үшін 375-38-12 байланыс телефонына қоңырау шалуға болады (Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті, еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы).
Түсініктік пен ынтымақтастығыңыз үшін Сізге рақмет!
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Статистикалық жұмыстар Жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті халыққа іріктеме зерттеуді ай сайын өткізеді, бұл Алматы қаласындағы жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықтың өзекті мәселелерін зерттеуге көмектеседі. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 5 бабына сәйкес Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарға пайдаланылатынына кепілдік береміз.
Сіздердің жауаптарыңыз жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар саны, жұмысқа орналасудың түйінді мәселелері, жұмыс іздеу тәсілдері туралы құнды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл деректер Алматы қаласын жұмыспен қамту мен әлеуметтік дамуының әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу үшін жиынтық күйінде пайдаланылады.
Зерттеуге қатысушы ретінде Сіздің отбасыңыз мүлде кездейсоқ таңдап алынды, өйткені үй шаруашылықтары математикалық, әдіснамаға сәйкес кездейсоқ әдіспен таңдалып алынды. Сіздерге сауалнамаға белсенді қатысуға және сұратылған қажетті ақпаратты беруді сенімді өтінішпен сұраймыз. Сауалнама нәтижелерінің сенімділігі Сіздің толық әрі егжей-тегжейлі жауаптарыңызға байланысты. Сауалнамалық сұрақтар қою үшін интервьюер Сізге жолығып, арнайы куәлік көрсетеді.
Оның келу кезеңі интервьюердің жұмыс Кестесімен реттеледі. Толығырақ нақтылау және кеңес беру сипатындағы ақпаратты алу үшін 375-38-12 байланыс телефонына қонырау шалуға болады (Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті, еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы).
Түсініктік пен ынтымақтастығыңыз үшін Сізге рақмет!
2025 жылғы 3 тоқсанына 2- қызмет (тоқсандық) "Көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп" нысаны бойынша есептілікке енген респонденттер тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/ Қазақстан Республикасы өңірлерінің статистикасы /Алматы қаласы/Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» бөлімінде орналасқандығын хабарлаймыз.
Тапсыру мерзімі - 25 қазанға дейін (қоса алғанда)
Барлық сұрақтар бойынша 375-26-98; 376-04-38 телефонына хабарласуға болады
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті УДН «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» нысаны бойынша сауалнама өткізу үшін, ақылы түрде 10 сұхбат алушыларды қабылдайды.
Өткізу мерзімі 2025 жылдың 1 қазан мен 15 қараша аралығында.
Сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласуға болады: 277-55-56, 375-38-78
Мекен жайы: Абай даңғылы, 125/ Жароков көшесінің қиылысы.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті РММ 2025 жылғы шілдедегі «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» Н-060 сауалнамасын жүргізу үшін интервьюерлерді жалдау туралы хабарлайды (өткізу мерзімі 2025 жылғы 17 шілдеден - 30 шілдеге дейің), Қазақстаннан шығу сәтінде әуежайларда, теміржол вокзалдарында, автостанцияларда өткізу бекеттерінде келушілер (резидент еместерден) сұралады.
Сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласуға болады: 376-04-38, 375-26-98. Мекен жайы: Абай даңғылы, 125/Жароков көшесінің қиылысы.
2025 жылғы 2 тоқсанына 2- қызмет (тоқсандық) "Көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп" нысаны бойынша есептілікке енген респонденттер тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/ Қазақстан Республикасы өңірлерінің статистикасы /Алматы қаласы/Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» бөлімінде орналасқандығын хабарлаймыз.
Тапсыру мерзімі - 25 шілдеге дейін (қоса алғанда)
Барлық сұрақтар бойынша 375-26-98; 376-04-38 телефонына хабарласуға болады.
Құрметті респонденттер!
Алматы қаласы бойынша 2025 жылғы сәуір айына 2-Т (еңбекақы) "Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп" нысаны бойынша есеп тапсыратын кәсіпорындар тізімі
Ұсыну мерзімі – 31 мамырға (қоса алғанда) дейін.
Есептілікке енген заңды тұлғалардың тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/ Қазақстан Республикасы өңірлерінің статистикасы / Алматы қаласы/ Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» бөлімінде орналастырылған.
Барлық сұрақтар бойынша 1446, 375-38-12 телефондарына хабарласуға болады.
2025 жылғы 1 тоқсанына 2- қызмет (тоқсандық) "Көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп" нысаны бойынша есептілікке енген респонденттер тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/ Қазақстан Республикасы өңірлерінің статистикасы /Алматы қаласы/Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» бөлімінде орналасқандығын хабарлаймыз.
Тапсыру мерзімі - 25 сәуірге дейін (қоса алғанда)
Барлық сұрақтар бойынша 375-26-98; 376-04-38 телефонына хабарласуға болады.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті РММ 2024 жылға Н-020 «Үй шаруашылығының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы жөніндегі зерттеу сауалнамасы», Н-050 «Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» сауалнамалар жүргізу үшін интервьюерлерді жалдау туралы хабарлайды (өткізу мерзімі 2025 жылғы 15 қаңтардан - 30 қаңтарға дейің).
Сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласуға болады: 376-04-38, 375-26-98. Мекен жайы: Абай даңғылы, 125/Жароков көшесінің қиылысы.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті РММ 2024 жылғы қаңтарда «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» Н-060 сауалнамасын жүргізу үшін интервьюерлерді жалдау туралы хабарлайды (өткізу мерзімі 2025 жылғы 21 қаңтардан - 30 қаңтарға дейің), Қазақстаннан шығу сәтінде әуежайларда, теміржол вокзалдарында, автостанцияларда өткізу бекеттерінде келушілер (резидент еместерден) сұралады.
Сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласуға болады: 376-04-38, 375-26-98. Мекен жайы: Абай даңғылы, 125/Жароков көшесінің қиылысы.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті УДН «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» нысаны бойынша сауалнама өткізу үшін, ақылы түрде 18 сұхбат алушылар қабылдайды.
Өткізу мерзімі 2024 жылдың 1 қазан мен 15 қараша аралығында.
Сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласуға болады: 277-55-56, 375-38-78
Мекен жайы: Абай даңғылы, 125/ Жароков көшесінің қиылысы.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті РММ 2024 жылғы шілдеде «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» Н-060 сауалнамасын жүргізу үшін интервьюерлерді жалдау туралы хабарлайды (өткізу мерзімі 2024 жылғы 21шілдеден - 30 шілдеге дейің), Қазақстаннан шығу сәтінде әуежайларда, теміржол вокзалдарында, автостанцияларда өткізу бекеттерінде келушілер (резидент еместерден) сұралады.
Сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласуға болады: 376-04-38, 375-26-98. Мекен жайы: Абай даңғылы, 125/Жароков көшесінің қиылысы.
Құрметті респонденттер!
1-ДК (автожолаушылар) "Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің қызметі туралы есеп " (2024ж. 2 тоқсан) нысаны бойынша есептілікті тапсыратын респонденттер тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/ Қазақстан Республикасы өңірлерінің статистикасы /Алматы қаласы/Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» бөлімінде орналасқандығын хабарлаймыз.
Тапсыру мерзімі - 3 шілдеге дейін (қоса алғанда)
Барлық сұрақтар бойынша 1446, 375-26-98 телефондарына хабарласуға болады.
Құрметті респонденттер!
1-ДК (автожүктер) "Автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің қызметі туралы есеп" (2024ж. 2 тоқсан) нысаны бойынша есептілікті тапсыратын респонденттер тізімі https://stat.gov.kz «Негізгі/ Қазақстан Республикасы өңірлерінің статистикасы /Алматы қаласы/Статистикалық нысандар бойынша іріктемелер (каталогтар)» бөлімінде орналасқандығын хабарлаймыз.
Тапсыру мерзімі - 3 шілдеге дейін (қоса алғанда)
Барлық сұрақтар бойынша 1446, 375-26-98 телефондарына хабарласуға болады.
Мемлекеттік статистика саласында респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді.
2024 жылғы 6 сәуірдегі «Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы аясында «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 12-2-бабына өзгерістер енгізілді.
Енді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзім ішінде есеп уақтылы тапсырылмаса, профилактикалық бақылаусыз-ақ, респонденттер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке бірден тартылатын болады.
Сондай-ақ бастапқы статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда, респонденттерге статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Түзетулер енгізу статистикалық нысанды қайта ұсыну немесе деректердің дұрыстығын растау бойынша қосымша ақпарат беру арқылы бір жұмыс күні ішінде (бұған дейін екі күн берілген) жасалуы тиіс. Дәлелдемелер болмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалады.
Аталған өзгерістер БАҚ беттерінде жарияланған күннен 60 күн өткен соң (2024 жылғы 8 маусымнан бастап) күшіне енетінін ескертеміз.
Біз барлық респондентті статистикалық есептерді белгіленген мерзім ішінде тапсыруға және себеп-салдарын алдын алу үшін сенімді деректерді ұсынуға шақырамыз.
Анықтама:
Бастапқы статистикалық деректерді алғаш рет бұрыс ұсынғаны үшін респондентке ескерту беріледі, мүлде ұсынбағаны үшін айыппұл салынады (ҚР ӘҚБК 497-бабының 2-тармағы).
Айыппұлдар келесі мөлшерде белгіленеді:
Жеке тұлғаларға – 10 АЕК;
Лауазымды тұлғаларға, КЕҰ-ға, шағын бизнес субъектілеріне – 14 АЕК;
Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК;
Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 120 АЕК.
Алғашқы бұзушылықтан кейін бір жыл ішінде бастапқы статистикалық деректерді тапсыру мерзімін қайта бұзу (сондай-ақ дәйексіз мәліметтерді қайта ұсыну) анықталған жағдайда айыппұл салынады:
Жеке тұлғаларға – 14 АЕК;
Лауазымды тұлғаларға, КЕҰ-ға, шағын бизнес субъектілеріне – 20 АЕК;
Орта кәсіпкерлік субъектілері – 40 АЕК;
Ірі кәсіпкерлік субъектілері – 150 АЕК.