ЭҚЖЖ 96.09.0 коды бар кәсіпкерлер мен ұйымдардың назарына!
ЭҚЖЖ 96.09.0 («Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке қызметтерді ұсыну») жіктеуіштің басқа бөлімдеріне кірмейтін шағын жеке қызмет түрлерін қамтиды. Бизнес ашу, есепке тұру немесе қызмет бағытын өзгерту кезінде бұл кодты «әр жағдайға» немесе әдет бойынша таңдамаған жөн. Бұл неліктен маңызды? Статистикалық есептіліктің дұрыс тапсырылуы ЭҚЖЖ кодының нақтылығына байланысты; Бизнес тиісті статистикалық байқауларға дұрыс енгізіледі; Өңір экономикасы бойынша деректер объективті әрі шынайы болып қалады. Нақты қызметіңіздің ЭҚЖЖ 96.09.0 кодына сәйкес келетінін тексеріңіз - егер Сіз басқа бағытпен айналыссаңыз, өзекті жіктеуіштен сәйкес келетін ЭҚЖЖ кодын көрсетіңіз. Қосымша ақпарат алу үшін: Маңғыстау облысының статистика департаментінің қызмет көрсету статистикасы және статистикалық тіркелімдер бөлімдеріне хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (7292) 31-91-63; 31-91-88. Түсіністік танытып, ынтымақтастық орнатқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!