Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Мақсат 6. Таза су мен санитария
Мақсат 6. Су ресурстары мен санитарияның барлығы үшін болуы мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету
6.1 2030 жылға дейін барлығы үшін ауыз суға деген қауіпсіз әрі қымбат емес жалпыға ортақ және тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету
6.1.1 Қауіпсіздік талаптарын сақтаумен ұйымдастырылған сумен қамсыздандыру қызметтерін пайдаланатын халық үлесі
6.2 2030 жылға дейін тиісті санитарлық-гигиеналық құралдарға жалпыға ортақ және тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыздардың және осал жағдайдағы тұлғалардың қажеттіліктеріне баса назар аудара отырып, ашық дефекацияны тоқтату
6.2.1 Қауіпсіздік талаптарын сақтаумен ұйымдастырылған қолды сумен және сабынмен жууға арналған құрылғыларды пайдаланатын халық үлесі
6.3 2030 жылға дейін ластануды азайту, қалдықтарды тастауды жою және қауіпті химиялық заттар мен материалдарды мейлінше қысқарту, тазартылмаған ақпасу үлестерін екі есе қысқарту және бүкіл әлем бойынша ақпасудың қайта айналу ауқымдарын анағұрлым кеңейту мен қауіпсіз қайта пайдалану арқылы су сапасын жоғарылату
6.3.1 Қауіпсіз тазаланатын ақпасулардың үлесі
6.3.2 Су сапасы жақсы су қоймаларының үлесі
6.4 2030 жылға дейін барлық салалардағы су пайдалану тиімділігін едәуір арттыру және су жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін және су жетіспеушілігінен зардап шегетін адамдардың санын қысқарту мақсатында тұщы суды тұрақты алу және тапсыруды қамтамасыз ету
6.4.1 Су пайдалану тиімділігінің өзгеру динамикасы
6.4.2 Су ресурстарын жүктеу деңгейі: тұщы судың қолданыстағы қорларына пайыздық қатынастағы тұщы су алу
6.5 2030 жылға дейін су қорларын барлық деңгейде, соның ішінде қажет болған жағдайда трансшекаралық ынтымақтастық деңгейінде де кешендік басқаруды қамтамасыз ету
6.5.1 Су ресурстарын кешенді басқаруды енгізу дәрежесі (0 бастап 100 дейін)
6.5.2 Суды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы келісушіліктермен қамтылған трансшекаралық су алаптарының үлесі
6.6 2020 жылға дейін сумен байланысты экожүйелердің, соның ішінде таулардың, ормандардың, сулы-батпақты алқаптың, өзендердің, суландырғыш қабаттардың және көлдердің қорғалуын және қалыпқа келтірілуін қамтамасыз ету
6.6.1 Сумен байланысты экожүйелердің алаңдарының өзгеру динамикасы
6.a 2030 жылға дейін дамушы елдердің сумен қамтамасыз ету және тазалық сақтау саласындағы қызметті және бағдарламаларды, соның ішінде беттік ағымды жинау, суды пайдалану тиімділігін арттыру, ақпасуларды тазарту және қайта айналу және қайта пайдалану технологияларын қолдануды жүзеге асырудағы әлеуетін күшейту ісі бойынша, халықаралық ынтымақтастық пен қолдауды кеңейту
6.a.1 Үйлестірілетін мемлекеттік шығындар бағдарламасы аясында сумен қамсыздандыру және тазалық сақтауға бөлінген даму мақсатындағы ресми көмек көлемі
6.b Жергілікті қауымдардың су шаруашылығы мен тазалық сақтауды жақсартуға қатысуын қолдау және нығайту
6.b.1 Азаматтардың су ресурстарын және тазалық сақтауды басқаруға қатысу ережелері мен үдерістері әрекет ететін жергілікті әкімшілік бірліктер үлесі
Онлайн кеңесші