Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Мақсат 5. Гендерлік теңдік
Мақсат 5. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту
5.1 Әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жаппай жою
5.1.1 Жыныс белгісі бойынша теңдікті және кемсітпеуді мадақтау және қамтамасыз ету үшін нормативтік-құқықтық базаның болуы және мүгедек әйелдер мен АИТВ-мен өмір сүретін әйелдерді қоса алғанда осы саладағы жағдайды бақылау
5.2 Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлықты қоғамдық және жеке салаларда, атап айтқанда адам саудасы мен сексуалды және басқа да пайдаланудың барлық нысандарында жою
5.2.1 Соңғы 12 айда қазіргі немесе бұрынғы жыныстық серігінің тарапынан физикалық күш көрсету, зорлау немесе психологиялық қысым көрсетуге ұшыраған 15 жастан басталатын әлдеқашан серігі болған әйелдер мен қыздар үлесі, зорлық нысандары және жасы бойынша топтастыру, мүгедек әйелдерді қосқанда
5.2.2 Соңғы 12 айда жыныстық серігінен басқа біреудің тарапынан физикалық күш көрсету, зорлау немесе психологиялық қысым көрсетуге ұшыраған 15 жастан басталатын әйелдер мен қыздар үлесі, жасы және оқиға орны бойынша топтастыру, мүгедек әйелдерді қосқанда
5.3 Балалық, ерте және мәжбүрлі некелесу және аналық жыныс мүшелеріне жарымжан ететін оталар жасау секілді барлық зақым келтіретін тәжірибе түрлерін жою
5.3.1 15 жасқа дейін және 18 жасқа дейін некеге тұрған 20 бастап 24 дейінгі әйелдер үлесі, мүгедек әйелдерді қосқанда
5.3.2 Аналық жыныс мүшелеріне жарымжан ететін оталарға/ кесуге ұшыраған 15 жастае бастап 49 жасқа дейінгі қыздар мен әйелдер үлесі, жасы бойынша топтастыру
5.4 Коммуналдық қызметтерді, инфрақұрылымды және әлеуметтік қорғау жүйелерін ұсынумен және ұлттық жағдайларды ескере отырып, шаруашылықты жүгізудегі және отбасындағы жалпы жауапкершілік қағидасын мадақтаумен үй шаруасын жүргізу және күту бойынша төленбейтін еңбекті мойындау әрі бағалау
5.4.1 Үй шаруасын жүргізу және күту бойынша төленбейтін еңбекке жұмсалатын уақыт үлесі, жынысы, жасы және тұрғылықты орны бойынша топтастыру, мүгедек әйелдерді қосқанда
5.5 Әйелдердің жан жақты және шынайы қатысуын және олар үшін саяси, экономикалық және қоғамдық өмірдегі шешім қабылдаудың барлық деңгейіндегі көшбасшылық үшін бірдей мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету
5.5.1 Әйелдердің а) ұлттық парламенттердегі және b) жергілікті билік органдарында алатын орындар үлесі
5.5.2 Басқарушы лауазымдағы әйелдер үлесі
5.6 Сексуалды және өрбіту денсаулығын сақтау саласында және Халықаралық конференцияның Тұрғын халық пен даму бойынша іс-әрекеттер бағдарламасына, Әрекеттердің Пекиндік платформасына және оларды орындау барысын қарастыру бойынша конференцияның қорытынды құжаттарына сәйкес өрбіту құқықтарын іске асыруға жалпыға ортақ қолжетімділікпен қамтамасыз ету
5.6.1 Жыныстық қатынас, бала көтертпейтін дәрілерді қабылдау және репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша қызметтерге жүгіну бойынша өз бетімен ақылға салынған шешімдер қабылдайтын 15 бастап 49 жасқа дейінгі әйелдер үлесі
5.6.2 15 жастан асатын әйелдер мен еркектерге сексуалды және репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша қызметтерге толық және тең қолжетімділікті және осы саладағы ақпарат пен ағартуды кепілдендіретін заңдар мен нормативтік актілер әрекет ететін елдер саны
5.a Әйелдерге экономикалық ресурстарға тең құқықтарды, сондай-ақ жерді және басқа да меншік түрлерін иеленуге және басқаруға, қаржылық қызметтерге, мұраға қалдырылған мүлікке және ұлттық заңдарға сәйкес табиғи ресурстарға деген қолжетімділікті ұсыну мақсатында реформалар жасау
5.a.1 (a) Ауыл шаруашылығымен айналысатын жалпы халық саны бойынша ауыл шаруашылық жерлерді немесе оны пайдалануға кепілдендірілген құқықты иеленетін адамдар үлесі, жынысы бойынша топтастыру; және (b) ауыл шаруашылық жерлерін иеленетін немесе оны иелену құқығын тасымалдаушы әйелдер үлесі, жерді иелену нысандары бойынша топтастыру
5.a.2 Құқықтық базасы (соның ішінде кәдімгі құқық) әйелдерге жерді иеленуге және/немесе басқаруға тең құқықты кепілдендіретін елдер үлесі
5.b Тиімділігі жоғары технологияларды, негізінен ақпараттық-коммункациялық технологияларды әйелдердің құқықтарын және мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу үшін белсендірек пайдалану
5.b.1 Ұялы телефоны бар адамдар үлесі, жынысы бойынша топтастыру, мүгедек әйелдерді қосқанда
5.c Гендерлік теңдікті мадақтау және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін бүкіл деңгейлерде кеңейту мақсатында парасатты стратегиялар мен міндетті түрде сақталуы тиіс заңдарды қабылдау және жетілдіру
5.c.1 Гендерлік теңдікті және әйелдер құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту және олар туралы мәліметтерді жариялауды мемлекеттік қаражаттандыруды қадағалау механизмдері
Онлайн кеңесші