Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарының мониторингі
Мақсат 3. Денсаулық пен амандық Мақсат 3. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста барлығының амандығына жәрдемдесу
3.1 2030 жылға дейін ана өлімінің ғаламдық коэффициентін 100000 тірі туу бойынша кем дегенде 70 оқиға көрсеткішіне дейін төмендету
3.1.1 Ана өлімінің коэффициенті
3.2 2030 жылға дейін нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың алдын алуға болатын өлімдерін тоқтату, бұл жағдайда елдер неонатальдық өлімді 1000 тірі туу бойынша 12 оқиғадан аспайтын көрсеткішке, ал бес жасқа дейінгі өлімді 1000 тірі туу бойынша 25 оқи
3.2.1 Бес жасқа дейінгі балалар өлімінің коэффициенті
3.3 2030 жылға дейін ЖИТС, туберкулез, безгек індеттерін және тиісті назар аударылмайтын тропикалық ауруларды жою және сары аурумен, су арқылы жұғатын және басқа да жұқпалы аурулармен күресті қамтамасыз ету
3.3.4 100 000 адам бойынша сары аурумен ауыру
3.3.2 100 000 адам бойынша туберкулезбен ауыру
3.3.1.1 Инъекциялық есірткіні тұтынушылар қатарынан жаңадан анықталған АИТВ саны, адам
3.3.1 100 000 мың адам бойынша жаңадан анықталған АИТВ мөлшері
3.4 2030 жылға дейін жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз қазаларды профилактика, емдеу және психикалық денсаулық пен саулықты қолдау арқылы үштен бірге кеміту
3.4.1 Жүрек-қан тамырлары ауруларынан, қатерлі ісіктен, диабеттен, созылмалы респираторлық сырқаттардан көз жұму
3.5 Есірткіге, алкогольді зиянды пайдалануға, нашақорлықтың алдын-алу және емдеуді күшейтіңіз
3.5.2 Күнтізбелік жылына таза спирт литрі бойынша алкоголь тұтыну (15 жастан бастап бір адамның алкоголь тұтынуының ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес анықталады)
3.5.1 Психикалық белсенді заттарды тұтыну салдарынан болған сырқаттарды емдеу (дәрі-дәрмек, психикалық-әлеуметтік және сауықтыру қызметтері және әрі қарай күту бойынша қызметтер)
3.6 2020 жылға дейін бүкіл әлем бойынша жол-көлік апатының салдарынан болған өлімдер мен жарақаттар санын екі есе азайту
3.6.1 Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде қаза болу
3.7 2030 жылға дейін отбасын құруды жоспарлау, ақпарат беру және білім беруді қоса алғанда сексуалды және өрбіту денсаулығын сақтау бойынша қызметтерге жалпыға ортақ қолжетімділікті және ұлттық стратегиялар мен бағдарламалардағы өрбіту денсаулығын сақтау
3.7.1 Отбасын жоспарлау бойынша қажеттіліктері қазіргі заманғы әдістермен қанағаттандырылатын ұрпақты болу жасындағы (15-тен 49 жасқа дейінгі) әйелдердің үлесі
3.8 Денсаулық сақтау қызметтерін жаппай қамтамасыз ету, соның ішінде қаржылық қауіптерден қорғанысты, негізгі медициналық-санитарлық қызметтерге деген қолжетімділікті және қауіпсіз, тиімді және барлығына арналған қымбат емес негізгі дәрілік заттар мен вак
3.8.1 Негізгі медициналық-санитарлық қызметтермен қамту (қадағаланатын үрдістер бойынша, репродуктивті денсаулықты сақтау, ана мен бала денсаулығын сақтау, жұқпалы ауруларды емдеу, жұқпалы емес ауруларды емдеу және қызметтердің халықтың кең ауқымына және
3.8.2 Үй шаруашылықтары шығыстарының немесе кірістерінің жалпы көлеміндегі медициналық көмекке отбасылық шығыстардың үлес салмағы көп халықтың үлесі
3.9 2030 жылға дейін қауіпті химиялық заттардың әсер етуі және ауа, су және топырақтың ластануы мен улануы нәтижесінде болатын өлімдер мен аурулардың мөлшерін айтарлықтай азайту
3.9.2 Қауіпсіз су, қауіпсіз тазалық сақтау және гигиенаның болмауынан (барлығы үшін сумен қамсыздандыру, санитария және гигиена саласындағы қауіпсіз қызметтердің болмауынан (СҚСГ) қаза табу)
3.9.3 Абайсыз улау салдарынан қаза табу
3.a Қажет жағдайда, Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымының темекiге қарсы күрес жөнiндегi негiздемелiк конвенциясын жүзеге асыруды іске қосу
3.a.1 15 жастан басталатын тұлғалардың темекі тұтынуының жас бойынша стандартты таралуы
3.b Бірінші кезекте дамушы елдерге қатысты жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды емдеуге арналған вакциналар мен дәрілік заттарды даярлау мен зерттеулерге жәрдемдесу, дамушы мемлекеттерге халықтың денсаулығын сақтау мақсаттары үшін және негізінен, барлығына
3.b.1 Ұлттық бағдарламаларға енген барлық вакциналармен иммундаумен қамтылған халықтың мақсаттық тобының үлесі
3.b.3 Негізгі қажетті және қолжетімді дәрілік заттары бар медициналық мекемелердің үлесі
3.c Ең нашар дамыған елдерде, әсіресе шағын аралдық дамушы елдерде денсаулық сақтауды қаржыландыруды және медицина қызметкерлерін жинау, дамыту, мамандыққа даярлау және қызметте ұстау көрсеткішін анағұрлым көбейту
3.c.1 Бір адамға шаққандағы медициналық қызметкерлер саны және оларды үйлестіру
3.d Алғашқы ескерту, қауіптерді төмендету және денсаулық үшін ұлттық және ғаламдық қауіптерді реттеу саласында барлық елдердің, әсіресе дамушы елдердің әлеуетін арттыру
3.d.1 Халықаралық медициналық-санитарлық ережелерді (ХМСЕ) сақтау қабілеттілігі және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайын болу