Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Мақсат 15. Құрлық экожүйелерін қорғау
Мақсат 15. Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және олардың оңтайлы пайдаланылуына жәрдемдесу, ормандарды оңтайлы пайдалану, шөлейттенумен күрес, жердің азу үдерісін тоқтату және кері бұру және биоәртүрлілікті жоғалту үдерісін тоқтату
15.1 К 2020 году обеспечить сохранение, восстановление и рациональное использование наземных и внутренних пресноводных экосистем и их услуг, в том числе лесов, водно-болотных угодий, гор и засушливых земель, в соответствии с обязательствами, вытекающими из международных соглашений
15.1.1 Құрлықтың жалпы ауданына пайыздық қатынастағы ормандар ауданы
15.1.2 Күзетілетін құрлықтың және тұщы сулардың биологиялық алуан түрлілігі тұрғысынан маңызды аудандар үлесі, экожүйелердің түрлері бойынша топтастыру
15.2 2020 жылға дейін ормандардың барлық түрлерін оңтайлы пайдалану әдістерін енгізуге жәрдемдесу, ормансыздануды тоқтату, тозған ормандарды қалпына келтіру және бүкіл әлемдегі орман өсіру және орманды қалпына келтіру ауқымдарын кеңейту
15.2.1 Орман шаруашылығын тоздырмай жүргізуге көшудегі жетістік
15.3 2030 жылға дейін шөлге айналумен күресу, шөлге айналған, құрғақшылыққа ұшыраған және су басқан жерлерді қосқанда, тозған жерлер мен топырақтарды қалпына келтіру және бүкіл әлемдегі жердің жағдайын нашарлатпауға ұмтылу
15.3.1 Тозған жерлердің ауданы құрлықтың жалпы ауданына пайыздық қатынаста
15.4 2030 жылға дейін тау экожүйелерінің, соның ішінде олардың биологиялық алуан түрлілігінің олардың тұрақты дамуға деген игілік беру мүмкіндіктерін арттыру үшін сақталуын қамтамасыз ету
15.4.1 Таулы биологиялық түзілу үшін маңызды телімдер арасындағы күзетілетін аудандар
15.4.2 Таудың өсімдік қабатының көрсеткіші
15.5 Табиғи тіршілік ету орталарының тозуын тоқтату бойынша елеулі шараларды шұғыл түрде қолдану, биологиялық алуан түрлілікті жоғалтуды тоқтату және 2020 жылға дейін қырылу қаупіндегі түрлерді сақтау және олардың жоғалуының алдын алу
15.5.1 Қызыл тізім көрсеткіші
15.6 Генетикалық қорларды пайдалану игіліктерін әділетті үлестіруге жәрдемдесу және халықаралық деңгейде келісілген шарттарда осындай қорларға тиісті қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ету
15.6.1 Әділ және тең негізде пайда алуды қамтамасыз ететін заңнамалық, әкімшілік және директивті шаралар кешенін қабылдаған елдердің саны
15.7 Браконьерлік және флора және фаунаның қорғалатын түрлерінің контрабандалық саудасына нүкте қою үшін шұғыл түрде шаралар қолдану және тірі табиғаттың заңсыз өнімдеріне деген сұранысқа және олардың ұсынылуына қатысты мәселелерді шешу
15.7.1 Сауда жүретін түрлер арасындағы браконьерлік немесе заңсыз айналым объекті болып табылатын жабайы аңдар үлесі
15.8 2020 жылға дейін бөтен инвазивті түрлердің енуінің алдын алу бойынша және олардың жер үсті және су экожүйелеріне деген әсерін едәуір азайту бойынша шаралар қолдану, сондай-ақ сандарының шектелуінің немесе басым түрлерінің жойылуының алдын алу бойынша шаралар қолдану
15.8.1 Сәйкес ұлттық заңнама қабылдайтын және бөтен инвазивті түрлердің санының енуінің алдын алу немесе реттеу үшін жеткілікті ресурстар бөлетін елдердің үлесі
15.9 2020 жылға дейін жалпы ұлттық және жергілікті жоспарлау және даму үдерістерінің барысында, сондай-ақ кедейлік ауқымдарын қысқарту стратегиялары мн жоспарларын дайындау жағдайында экожүйелер мен биологиялық алуан түрлілік құндылықтың есепке алынуын қамтамасыз ету
15.9.1 2011-2020 жылдарға биологиялық алуан түрлілік бойынша стратегиялық жоспар аясында 2 Биологиялық алуан түрлілік бойынша Айтиндік мақсаттық міндетке сәйкес белгіленген ұлттық мақсаттық көрсеткіштерге жетудегі жетістік
15.a Биологиялық алуан түрлілік пен экожүйелерді сақтау және тиімді пайдалану мақсатында барлық көздерден қаржылық қорларды жұмылдыру және айтарлықтай ұлғайту
15.a.1 Дамыту мақсатындағы ресми көмек және биологиялық алуан түрлілік және экожүйелерді сақтау және оңтайлы пайдалануға бөлінетін мемлекеттік қаражат көлемі
15.b Орманды тиімді пайдалануды қаржыландыру үшін барлық көздерден және барлық деңгейде елеулі қорларды жұмылдыру және осындай басқару әдістерін пайдалану, соның ішінде ормандарды сақтау және қалпына келтіру үшін дамушы елдерге адекватты ынта беру
15.b.1 Дамыту мақсатындағы ресми көмек және биологиялық алуан түрлілік және экожүйелерді сақтау және оңтайлы пайдалануға бөлінетін мемлекеттік қаражат көлемі
15.c Браконьерлік және қорғалатын түрлердің контрабандалық саудасымен күрес бойынша ғаламдық күш жұмылдыруды іске қосу, соның ішінде жергілікті халықтың тіршілік ету үшін экологиялық қауіпсіз түрде қаражат алу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы
15.c.1 Браконьерлік немесе заңсыз айналым объекті болып табылатын, саудаға түсетін түрлері арасындағы жабайы аңдар үлесі
Онлайн кеңесші