Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарының мониторингі
2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарының мониторингі

2016 жылғы 1 қаңтарда әлем 2030 жылға дейін орнықты даму саласындағы күн тәртібін және алдағы 15 жылдың ішінде шұғыл жаһандық проблемаларды шешу үшін орнықты даму саласындағы 17 мақсатқа негізделген белсенді қайта құру жоспарын іске асыруға ресми түрде кірісті.

Орнықты даму саласындағы 17 мақсат пен 169 міндет (ОДМ) барлық адамдардың құқықтарын іске асыруға бағытталған, олар кешенді және ажырамас сипатты қамтиды және орнықты дамудың үш компонентінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Бұл мақсаттар мен міндеттер алдағы 15 жыл аралығында адамзат пен ғаламшарға зор мән беретін ұлттық үкіметтерді әрекетке ынталандырады.

Ресми статистика ОДМ мониторингін және сәйкес міндеттерді жүзеге асыру үшін деректермен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқрады.

Бұдан басқа, 17 –ші ОДМ екі міндеті өзінің сапасын көтеруге бағытталған, атап айтқанда:

Міндет 17.18: «2020 жылға дейін табыс деңгейі, гендерлік тиістілігі, жасы, нәсілі, ұлты, көші-қон мәртебесі, мүгедектігі, географиялық орналасуы және ұлттық шарттарды ескерумен басқа да сипаттамалары бойынша бөлшектелген жоғары сапалы, өзекті және анық мәліметтерге деген қолжетімділікті едәуір көтеру үшін дамушы елдердің, соның қатарында ең нашар дамыған елдердің және шағын аралдық дамушы мемлекеттердің әлеуетін өсіру мақсатында қолдауды күшейту».

Міндет 17.19: «2030 жылға дейін қазіргі бастамаларға сүйене отырып, орнықты дамуды қамтамасыз ету ісінде жалпы ішкі өнімнің көрсеткішіне қосымша ілгерілеуді басқа да өлшеу көрсеткіштерін даярлау және дамушы елдердің статистика саласындағы әлеуетін өсіруге жәрдемдесу».

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы ОДМ мәселелері бойынша Координациялық кеңес шеңберінде құрылған 5 Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерімен бірге ОДМ –ның 278 жаһандық және ұлттық көрсеткіштері қаралды, оның ішінде 16 жаһандық көрсеткіш Қазақстан үшін релевантты емес деп танылды.

Бүгінгі таңда ОДМ мониторингінің ұлттық көрсеткіштер жүйесі 262 көрсеткішті қамтиды:
- 146 жаһандық көрсеткіш өзгеріссіз қабылданды;
- 44 жаһандық көрсеткіштерге шамалы өзгерістер енгізілді;
- 30 балама / прокси көрсеткіштер ұсынылды;
- 42 ұлттық көрсеткіш қосымша енгізілді.

Орнықты даму мақсаттарының 17 ішкі бөлімінде әр көрсеткіш бойынша толық ақпарат орналасқан.

Сонымен қатар, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы ОДМ бойынша ұлттық есептілік платформасын әзірлеу процесінде және https://kazstat.github.io/sdg-site-kazstat/ мекенжайы бойынша қолжетімді.

Қазақстанда Орнықты даму мақсаттарының жүзеге асырылуы мен енгізу процесі, ОДМ мәселелері бойынша Координациялық кеңестің жұмысы және 5 Ведомствоаралық жұмыс топтары жұмыстары туралы ақпаратты https://economy.kz/ru/Celi_ustojchivogo_razvitija/About_TSUR/ мекенжайы бойынша табуға болады.

Онлайн кеңесші