Кұрметті респонденттер!
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 27 ақпанда сағат 10:00-де «Құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша статистикалық нысандарды сапалы толтыру мәселелері туралы түсіндіру» тақырыбында семинар өткізеді.
Семинарға келесі статистикалық нысандарды ұсынуға жауапты кәсіпорын мамандары шақырылады: 1-инвест «Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы», 1-ИС «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп», 2-КС «Объектілерді пайдалануға беру туралы есеп», 1-КС «Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілетін қызметтері) туралы есеп».
Барлық сұрақтар бойынша 8/7242/27-26-94 телефоны арқылы хабарласуға болады.
(Құрылыс және инвестициялар статистикасы бөлімі)