Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қызылорда облысы
Хабарландырулар
11.11.2024
Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті 2024 жылдың 18 қарашадан бастап Қызылорда қаласы бойынша халықтың тұрмыс деңгейін іріктеп зерттеулерге интервьюер қабылдайтынын хабарлайды (өтелмелі қызмет көрсету келісім бойынша).

Әңгімелесу: 2024 жылғы 15 қарашада

Қойылатын талаптар:

-жоғарғы және орта кәсіптіқ білім

-зерттеулердегі жұмыс өтілі 

-жауапкершілік

Лауазымдық міндеттері:

- респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;

- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;

- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;

- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 12, № 9 кабинетке хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7242)27-88-37, факс: (8-7242) 27-45-23, электрондық мекенжайы: sa.kuttugulova@aspire.gov.kz

Онлайн кеңесші