Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қызылорда облысы
Хабарландырулар
27.05.2025
Құрметті респондентер!

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті 2025 жылдың 2 маусымынан бастап Қызылорда қаласы бойынша халықтың тұрмыс деңгейін іріктеп зерттеулерге интервьюер қабылдайтынын хабарлайды (өтелмелі қызмет көрсету келісім бойынша).

Әңгімелесу: 2025 жылғы 29 мамырда

Қойылатын талаптар:

-жоғарғы және орта кәсіптіқ білім

-зерттеулердегі жұмыс өтілі 

-жауапкершілік

Лауазымдық міндеттері:

- респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;

- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;

- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;

- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 12, № 32 кабинетке хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7242)27-88-37, факс: (8-7242) 27-45-23, электрондық мекенжайы: i.nagymanova@aspire.gov.kz