Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қызылорда облысы
Хабарландырулар
24.03.2023
Құрметті респонденттер!
2023 жылғы 1 сәуірден 15 мамырға дейінгі кезеңде интервьюерлер Сіздің үйіңізге барған кезде сауалнама әдісімен жүргізілетін «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» іріктемелі зерттеу жүргізу жоспарланғанын хабарлаймыз.
Сізге интервьюердің сұрақтарына жауап беру туралы өтінішпен жүгінеміз. Құқық қорғау органдарының жұмысы туралы Сіздің пікіріңіз, өз қауіпсіздігіңізді қабылдау және аудандағы қылмыс жағдайы құқық қорғау жүйесінің жұмысын жақсарту бойынша мемлекеттік саясаттың тиімділігіне қол жеткізу үшін қажет.
Сіздерді белсенді қатысуға шақырамыз!
ҚР «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына сәйкес Сізден алынған ақпарат қатаң құпия болып, тек статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатынына кепілдік береді.

Онлайн кеңесші