Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қызылорда облысы
Хабарландырулар
16.04.2026
Интервьюерлерді қабылдау туралы хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті" РММ (әрі қарай -Департамент) жұртшылық шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы егіндерінің өнімін жинау жөніндегі таңдаулы зерттеу жүргізу үшін сұхбат алушыларды қабылдайды. Зерттеу 2026 жылғы  статистикалық А-008 «Дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтарында және
жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру»  нысаны бойынша  жүргізіледі. Зерттеуді жүргізу әдістемесі Ұлттық статистика бюросының сайтында орналасқан (www.stat. gov.kz/Әдіснама/Ауыл, орман және балық шаруашылығы/ 2022 жылғы 15 шілдедегі №10 әдістемесі).

Сұхбат алушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, сауалдар жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесі болғаны жөн. 

Департамент сұхбат алушылармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ақылы қызмет көрсетуге келісім-шартқа отырады.

Сұхбат алушылардың жұмыс мерзімі 2026 жылдың 11-25 наурыз аралығы, 11-25 маусым аралығы, 11-25 қыркүйек аралығы, 11-25 желтоқсан аралығы.  

 

 

 «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ, 

 Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі, 12

Байланыс телефоны: 8 7242 26-43-46