Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қызылорда облысы
Хабарландырулар
18.12.2024
Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қызылорда облысы бойынша халықтың тұрмыс деңгейін іріктеп зерттеулерге және халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелері зерттеулерге сұқбатшылар қабылдайтынын хабарлайды (өтелмелі қызмет көрсету келісім бойынша). 

Аудандар бойынша:

Қызылорда қаласының тұрмыс деңгейі бойынша (Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті ) – 7 адам.

Жұмыспен қамту бойынша- 1 адам

Арал ауданының тұрмыс деңгейі бойынша (Арал қаласы, Сексеуіл ауылы, Жақсықылыш ауылы) – 3 адам.

Жұмыспен қамту бойынша- 1 адам

Қазалы ауданының тұрмыс деңгейі бойынша (Айтеке би ауылы, Г. Мұратбаев атындағы ауылы) – 2 адам.

Жұмыспен қамту бойынша- 1 адам

Қармақшы ауданының тұрмыс деңгейі бойынша (Ақжар ауылы ) – 1 адам.

Жұмыспен қамту бойынша- 1 адам

Жалағаш ауданының тұрмыс деңгейі бойынша (Бұқарбай батыр ауылы, Аламесек ауылы) – 2 адам.

Жұмыспен қамту бойынша- 1 адам

Сырдария ауданының тұрмыс деңгейі бойынша (Тереңөзек ауылы ) – 1 адам.

Жұмыспен қамту бойынша- 2 адам

Жаңақорған ауданының тұрмыс деңгейі бойынша (Жаңақорған ауылы, Төменарық ауылы)  – 2 адам.

Жұмыспен қамту бойынша- 1 адам

Шиелі ауданының тұрмыс деңгейі бойынша (Шиелі ауылы ) – 2 адам.

Жұмыспен қамту бойынша- 1 адам

 

 

Әңгімелесу: 2024 жылғы 23 желтоқсанда

Қойылатын талаптар:

-жоғарғы және орта кәсіптіқ білім

-зерттеулердегі жұмыс өтілі 

-жауапкершілік

Лауазымдық міндеттері:

- респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;

- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;

- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;

- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 12, № 9 кабинетке хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7242)27-88-37, факс: (8-7242) 27-45-23, электрондық мекенжайы: sa.kuttugulova@aspire.gov.kz

Онлайн кеңесші