Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қызылорда облысы
Хабарландырулар
25.12.2025
Интервьюерлерді қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» (Н-060) үшін сұхбат алушыларды қабылдауды жүргізеді. Сұхбат алушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, сауалдар жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесі болғаны жөн. Департамент сұхбат алушылармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ақылы қызмет көрсетуге келісім-шартқа отырады. Сұхбат алушылардың жұмыс кезеңі 2026 жылдың 15-30 қаңтары (қоса алғанда) аралығында болады. Сұхбат алушының міндеттері: - респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру; - статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету; - алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету; - деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау. Үміткердің өтінімі мен құжаттары 2026 жылдың 14 қаңтарына дейін қабылданады. Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 12 тел. 27-49-14