ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қызылорда облысы
Хабарландырулар
11.09.2023
Құрметті респонденттер және пайдаланушылар!

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ  «Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейі» статистикалық байқауы бойынша үй шаруашылықтарын зерттеуге интервьюерлер қабылданатынын хабарлайды.

Зерттеудің өткізу мерзімі -01 қазан-15 қараша 2023 жыл.

Қойылатын талаптар:

-жоғарғы және орта кәсіптіқ білім

-зерттеулердегі жұмыс өтілі 

-жауапкершілік

Лауазымдық міндеттері:

-респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;

-статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;

-алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;

-деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 12, № 20 кабинетке хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7242)27-62-23, факс: (8-7242) 27-45-23, электрондық мекенжайы: el.ligai@aspire.gov.kz

Онлайн кеңесші