«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ «Жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдары түсімін жинау туралы» А-005 (үш жылда бір рет) статистикалық байқауы бойынша іріктемелі зерттеу үшін сұхбат алушылар (өтемелі қызмет көрсету келісім шарты бойынша) қабылданатынын хабарлайды.
Байқауды өткізу мерзімі 2023 жылдың 2 қарашасына (қоса алғанда) дейін.
Лауазымның міндеттері:
- респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы зерттеуді жүзеге асыру;
- статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;
- алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;
- деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялығын сақтау.
Сіздердің өтініштеріңіз Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі,12, (каб 30) мекен жайына немесе i.tasybaeva@aspire.gov.kz электрондық пошта бойынша ағымдағы жылдың 29 қыркүйегіне дейін қабылданады, анықтама телефоны: 8(7242) 27-47-91